Мазмұнға өту

Өсімдіктер систематикасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ботаника бөлімі

Өсімдіктер систематикасы


Зерттеу нысандары

Өсімдіктер · Балдыр
Саңырауқұлақтар т.с.с.

Ботаника бөлімдері

Альгология · Өсімдіктер анатомиясы · Бриология · Геоботаника · Өсімдіктер географиясы · Дендрология · Диаспорология · Карпология · Лихенология · Микогеография · Микология · Өсімдіктер морфологиясы · Палеоботаника · Палинология · Өсімдіктер систематикасы · Өсімдіктер физиологи��сы · Фитопатология · Флористика · Өсімдіктер экологиясы · Этноботаника · Өсімдіктер биотехнологиясы · Өсімдіктер биохимиясы · Өсімдіктер генетикасы

Атақты ботаниктар

Теофраст
Жозеф Питтон де Турнефор
Карл Линней
Адольф Генрих Густав Энглер
Армен Леонович Тахтаджян

Тарих

Ботаника тарихы

Өсімдіктер систематикасы — осы кезде өскен және қазбадан табылған өсімдіктерді туыстық жақындығына қарай систематикалық топтарға бөлетін ботаника ғылымының бір саласы. Өсімдіктер систематикасысының алдына қоятын мақсатына сай флористикалық немесе классификациялық, систематикалық, филогенетикалық зерттеу салалары бар.

Классификациялық өсімдіктер систематикасы әр түрлі өсімдік организмдерін ұқсастық және ерекшеліктеріне қарай таксон деп аталатын топтарға жіктейді. Классификациялық зерттеулерінің негізіне «түр» таксоны алынады. Бір-бірімен туыстық тегі жақын түрлер туысқа, ал бұлар тұқымдасқа біріктіріледі. Мысалы, әр түрлі астық тұқымдас өсімдіктер (бидай, қара бидай, атқонақ, бетеге, қоңырбас т,б,) бір тұқымдасқа топталынады. Бір-бірімен туыстығы жақын тұқымдастар қатар деп аталатын ірі топқа, ал қатарлар бұдан ірі топ - класс және бұның өзі бөлімге біріктіріледі. Өсімдіктер систематикасыжетік болуы үшін белгілі бір таксон ішіндегі топтты ұқсастығы мен айырмашылығына қарай 1-2 немесе бұдан да көп тармаққа топтап жіктеледі. Мысалы, түр құрамында түр тармағы, географиялық нәсіл, туыс таксонында туыс тармағы т.с.с. болады.

  • Дүние: Өсімдіктер
    • Бөлім: .......
      • Класс: .......
        • Қатар: .......
          • Тұқымдас: .......
            • Туыс: ......
              • Түр: ......

Филогенетикалық өсімдіктер систематикасы барлық таксондар ішінде, түр құрамындағы таксондар арасындағы туыстық қатысты, әр түрлілігін, әр таксонның пайда болу тегін зерттейді. Филогенетикалық өсімдіктер систематикасы өсімдік дүниесі жүйесін құруға әр түрлі ғылым салалары (эмбриология, экология, физиология, биохимия т.б.) деректерін пайдаланады.

Өсімдіктер дүниесі бөлімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Таксономиялық сатылар

Қыналар бөлімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Қыналар

Қыналар – өсімдіктердің ішіндегі ең көп тараған, күй талғамайтын, ерекше құрылысты организмдер тобы. Бұлар – балдырлар мен саңырауқұлақтардың селбесіп тіршілік етуінің нәтижесінде құралған морфологиялық, физиологиялық және экологиялық өз алдына жеке қасиеттері бар өсімдік. Қыналардың морфологиялық құрылысы мен көлемі – алуан түрлі.

Мүктәрізділер бөлімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Мүктәрізділер

Мүктәрізділер — жоғары споралыларға немесе архегонийлерге жататын өсімдіктер. Қылқанды жапырақты дымқыл ормандар мен шалғындықта өсетін аласа өсімдік. Құрылысы қарапайым: тамыр болмайды, көпшілігінің денесінде жапырағы мен сабағы ғана бар. Анатомиялық жағынан олардың денесі белгілі ұлпаларға жіктелмеген. Денесінің вегетативтік бөлімдерінің ұшында көптеген жыныс мүшелері (антеридий, архегоний) дамып жетіледі. Мүктердің ұрықтануы тек сулы ортада ғана жүзеге асады. Мүктердің жыныс мүшесі орналасқан вегетативтік денесі мүктің жынысты ұрпағы, ол гаметафит деп аталады, ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан спорогон (спорогоний) дамып жетіледі. Спорогон мүктің жыныссыз ұрпағы болады д��, ол спорофит деп аталады. Мүктердің дамуында екі ұрпақ дұрыс ауысып отырады да, бұлардың басым болып келетіні жынысты ұрпағы – гаметофит, ал жыныссыз ұрпағы-спорофит бірнеше күн өсіп тұрады да, гаметофитке мүлде тәуелді болады. Бауыр мүктер класы. Маршанциялар қатары. Талломдарының ерекшеліктері. Жапырақ сабақты мүктер немесе мүктер класы (Musci, Bryopsida). Сфагнум мүктер қатары. Сфагнум туысы. Экологиясы, таралуы, маңызы. Жасыл мүктер қатары. Жасыл мүктердің алуан түрлілігі. Өкілдері: көкек зығыры, фунария, дикранум.

Псилофиттер бөлімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Риниофиттғердің тіршілік еткен уақыты. Риниофиттер жоғары сатыдағы өсімдіктердің қарапайым және ең көне тобы өкілдері: риния, хорнеофитон.

Плаун тәрізділер бөлімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Спорофиттік мүшелері – тамыры, сабағы және спираль жиі орналасқан жасыл жапырақтары болады. әртүрлі споралылық. Плаундар қатары. Түйреуіш тәрізді плаун тең споралы плаун. Селагинеллалар қатары. әр түрлді споралы өкілі селагинелла. Полушниктер қатары. Спорофитінің құрылысы. Плаун тәрізділердің шығу тегі және эволюциясының негізгі бағыттары.

Қырық буындылар немесе бунақтылар бөлімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қырықбуын сабағының буын аралығы қамыстікі сияқты қуыс болады. Сабағы буын және буын аралықтарынан тұрады. Спорангийлері спорангоифорларда болады,бұл спорофилдерге гомологты болып табылады. Спорангийлерде споралар дамып жетіледі. Қырық буындылар қатары. өкілі дала жылбұрыны немесе дала қырық буыны. Папортник тәрізділер бөлімі немесе полиподиофиттер.

Папортник тәрізділер бөлімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Папортниктәрізділер – жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көне тобы. Олар көбіне көлеңкелі, ылғалды ормандарда және дымқыл жыраларда өседі. Папортник тәрізділердің қысқа сабағы, жалпақ, қауырсынды жапырақтары және тамыры болады. Тең споралы және әр түрлі споралы болып бөлінеді. Ужовниктер класы. Ужовник және гроздовник құрылысының ерекшеліктері, қарапайым белгілері. Нағыз папортниктер класы. Полиподиидтер қатары. Тіршілік формалары. Сорустар мен спорангийлер құрылысы және орналасуының әр түрлілігі. Өскіншелер құрылысы. Өкілдері: аталық папортник, орляк т.б. Сальвиниялықтар қатары.Сальвиния туысы. Споракарпийлер, спорангийлер. Микро және мегаспоралардың өсуі. Өскіншелер құрылысының ерекшеліктері. Ұрықтану. Ұрықтың дамуы. Папортник тәрізділердің шығу тегі, эволюциясының негізгі бағыттары. Тең споралылықтан әр түрлі споралыққа өтудің биологиялық маңызы.

Жалаңаш тұқымдылар бөлімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жалаңаш тұқымдылар немесе Ашық тұқымдылар – тұқым мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде жалаңаш (ашық) жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардікіндей аналық керегемен қапталмайды.

Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің барлығы – сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар. «Сүрек» деген – ағаш діңінің (сабағының) су өткізгіш бөлігі. Ашық тұқымдылардың бөлімінде шөптектес өсімдіктер болмайды. Ашық тұқымдылардың басым бөлігі мәңгі жасыл түсті болады. Кейбір түрлері (мысалы, балқарағай) жылда күзде сарғайып, қылқандарын түсіреді. Сөйтіп ағаш қыста қылқан жапырақтарынан айырылып, сидиып тұрады. Ашық тұқымды өсімдіктердің гүлі жоқ, сондықтан жеміс түзбейді. Бұл бөлімдегі ең көп таралған қылқан жапырақты өсімдіктер: қарағай, шырша, самырсын, арша. Бұлар қылқан жапырақтылар класына жатады. «Қылқан жапырақты» дейтін себебі жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір болады.

Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Гүлді өсімдіктер

Жабық тұқымды өсімдіктердің басты ерекшелігі – гүлінің, жемісінің болуы, гүлінде аналықтың болуы. Спорофиттегі споралар түрі өзгерген өркен – гүлдерде пайда болады. Микроспоралар тозаңқаптағы тозаң ұясында, ал мегаспоралар аналық түйініндегі тұқым бүрінде дамып жетіледі.споралар спорангий ішіндегі гаметофиттерде өсе бастайды. Аталық гаметофит-тозаң – екі клеткадан, ал аналық гаметофит-ұрық қалтасы – сегіз клеткадан тұрады. Жынысты көбеюдің нәтижесінде тұқымбүрінен эндоспермді тұқым, оның хромосомы триплоидты болып келеді. Ал аналық түйіннен және гүлдің басқа бөліктерінен – жеміс пайда болады. Жабық тұқымды өсімдіктердің тіршілік түрлері – ағаш, лианалар, бұталар, шөптесін (көп, екі және бір жылдық) болып бөлінеді. Жабық тұқымдылар екі класқа бөлінеді: дара және қос жарнақты өсімдіктер болып. Гүл, оның шығу тегі. Тозаңдану. Ұрық қалтасының құрылысы. Қосарынан ұрықтану. Жеміс, оның биологиялық маңызы. Жабық тұқымдылардың шығу орны, пайда болған уақыты. Гүлді өсімдіктердің әр алуандығы. Қос жарнақтылар класына жалпы сипаттама. Эволюциясын��ң негізгі бағыттары.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]