Мазмұнға өту

Өлкейек

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Өлкейек өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 349 км
Су алабының
ауданы
3 600 км²
Су ағысы
Бастауы Жантай мен Толыбай өзендерінің қосылған жері
 • Координаттары 50°31′18″ с. е. 62°18′56″ ш. б. / 50.52167° с. е. 62.31556° ш. б. / 50.52167; 62.31556 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Қызылкөл
 • Координаттары 48°54′41″ с. е. 62°00′26″ ш. б. / 48.91139° с. е. 62.00722° ш. б. / 48.91139; 62.00722 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°54′41″ с. е. 62°00′26″ ш. б. / 48.91139° с. е. 62.00722° ш. б. / 48.91139; 62.00722 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Ақтөбе облысы, Қостанай облысы

ӨлкейекАқтөбе облысының Ырғыз, Қостанай облысының Жангелді аудандары жеріндегі өзен. Ұзындығы 349 км, су жиналатын алқабы 3600 км2.

Өлкейек Толыбай сағасынан шығыста 3 км жерде. Жантай мен Толыбай өзендерінің қосылған жерінен басталып, Балапан сағасынан оңтүстікте 15 км жерде Қызылкөлге құяды.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жоғарғы ағысында белесті жазықпен ағады, аңғары 1 км-ден 3,5 км-ге жетеді. Жайылмасы екі жағында 0,6-2 км. Арнасы 20-30 м, бұл бөлігінде су жазда қара суларға бөлініп қалады. Қабырға өзені сағасынан төмен Өлкейек аңғары жайпақталып 7-8 км-ге ұлғаяды. Үлкенді-кішілі қарасулар (ең ұз. 9,8 км, ені 50—60 м, тереңдігі 7 м) кездеседі. Суы тұщы, жазда кермектенеді. Жылдық орташа су шығыны сағасы тұсында 1,60 м3/сек.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы / Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1976, 9 том