Әскербасы
Әскербасы — қазақ халқының ежелгі әскери құрылымдарында белгілі бір әскер қосынын, жасақты басқаруға тағайындалған адамдардың жалпылама атауы. [1] Әскербасылар қарамағындағы әскер санына байланысты онбасы, жүзбасы, мыңбасы, түменбасы, бас қолбасшы болады да, әскер түріне сәйкес жасақбасы, мергенбасы, қарауылбасы деп аталады. Жоғары дәрежелі әскербасының түркі тілінде “бек”, арабша “әмір”, моңғолша “ноян” деген атаулары бар. Парсы тілінен енген “салар”, сардар сөздері әскербасы дегенді білдіреді. Әскербасылыққа тағайындалған адамға әртүрлі әскери белгілер — ту, байрақ, дабыл, шыңдауыл, керней тапсырылған. Жоғары дәрежелі әкербасылардың меншігіне елді мекен, ұлыстар берілген. Әскербасылыққа тағайындалған адам бұл қызметіне өзінің жауынгерлік ерлігімен, әскерді басқара білетін қабылетімен ие болған. Шығыс елдерінде кейбір әскербасы дәрежесі әкеден балаға мұрагерлікке қалдырылған, мысалы, әмірлік, тархандық дәрежелер.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
- ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |