Мазмұнға өту

Үшарал суару жүйесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Үшарал деген бетті қараңыз.
Үшарал суару жүйесі

Үшарал суару жүйесі, Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Тентек өзені негізінде салынып, 1975 ж. пайдалануға берілген. Үшарал қаласынан (15 км жерде) солтүстік-шығысқа қарай Тентек өзеннің таудан шығар маңында орналасқан. Бас су тарту каналы өзеннің оң жағында. Жүйе 40 мың га жерді сумен қамтиды. Бас каналдың Ынталы ауылы маңындағы су өткізу мүмкіндігі 30 м3/с.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3