Мазмұнға өту

Үшарал мешіті (Жамбыл облысы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Үшарал мешіті (Жамбыл облысы)
Жалпы мәлімет
Статусы

Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Түрі

киелі нысан

Сәулет стилі

қала қүрылысы және сәулет

Орналасуы

Жамбыл облысы Талас ауданы

Ғимараттың маңыздылығы

сәулет өнері

Жөнделген уақыты

2003-2004 жылдары

Биіктігі

3,5 м

Техникалық сипаттамасы
Диаметрі

8 м

Басқа да өлшемдері

12,5x10,2 м

Үшарал мешітінің кескіні

Үшарал мешіті, Абдулла Ишан мешіті – Жамбыл облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарына жататын сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жамбыл облысы Талас ауданындағы Yшарал ауылында орналасқан.

Мешіт 1906 жылы тұрғызылған.

Тарихи деректер, құрылыс сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

ХІХ-ХХ ғасырларда мешіттердің құрылысы медреседе арнайы білім алған адамдарға ғана сеніп тапсырылды. Олардың бірі Абдулпа-ишан Саиди (1836-1914) болды, ол Бұхарада біліп алып, мұсылман дінін оқыту бойынша атақты білімпаз ретінде мойындалып, араб және парсы тілдерінде тақпақтар жазған.
Бұл мешітті тағы да Үшарал медресе мешіті деп атайды, оның сәулетшісі – халық шебері Ислам 20 ғасырдың бас кезіндегі көп күмбезді мешіт үлгісінде салған.
Құрылыстың өзінің жоспардағы өлшемдері 12,5x10,2 м, қабырғаларының биіктігі 3,5 м. Басты бөлмесінің барабанында диаметрі 8 м күмбез тағылған. 15 кіші күмбез басқа бөлмелер мен айванды бірдей үлкен аркаларға сүйеніп тұратын үш жақтан жауып тұрады. Кіретін есігінің үстінде ақ сылақта жасаған Құраннан алынған үзінді орналасқан. Залдың оңтүстік батыс қабырғасында діни сентенциялары бар эпиграфтық картушы бар П-тектес көмкерілген михрабты текше қарастырылған.[1]
1948 жылы Қазақстан Министрлігі Кеңесі жанындағы Архитектура істері жөніндегі ресублика басқарма қызметкерлері мен 1977 жылы Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінің “Қазақ жобалау-қалпына келтіру” институтының экспедициясы зерттеді. Үшарал мешіті 1982 жылы республика маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынды.[2][3]
Ескерткіштің реставрациялық жұмыстары 1985-1986 жылдары және 2003-2004 жылдары жүргізілді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  3. Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия // Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том