Үммет
Үммет (үмбет; әлеумет, көпшілік) — Исламдағы бір пайғамбардың уағыздаған жолын ұстанған қауымды білдіретін термин.
Адам баласына Алла тағала тарапынан елші болып келген пайғамбарларға әрқайсысының өз замандарында мойынсұнып, ерген үмметтері болды. Мұсылмандар өздерін «Құдайдың құлы, Мұхаммедтің (ғ.с.) үмбетіміз» деп санайды. Құран Кәрімде алдыңғы пайғамбарлардың үмметтерімен араларындағы қарым-қатынастары туралы аяттар бар және Мұхаммед (ғ.с.) үмметтері жайлы «сендерді адамдарға куә болуларың үшін «орта үммет» еттік, ал пайғамбар сендер үшін куә» (Бақара, 143-аят) деген аят бар. Себебі, бұл дүниеде де, о дүниеде де ислам қағидалары негізге алынып, исламды ұстанған қауым негізгі бағдарды анықтайды.[1]
Өркениетті қоғамда салауатты өмірдің қалыптасып дамуына, ислам қағидалары мен Мұхаммед (ғ.с.) үмметтерінің айтарлықтай ықпалы болған. Үммет ұғымының қазіргі негізгі мағынасы Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың уағыздық қызметі кезінде және осы терминмен анықталған әлеуметтің қалыптасуымен дүниеге келді. Үмметтің ерекше қамқорлыққа ие екендігінің куәсі, оның қамқоршысы Алланың өзі және соңғы пайғамбары болуы.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|