Үлкен Нефуд шөлі
Көрініс
Үлкен Нефуд шөлі — Арабия түбегінің солтүстігінде, Сауд Арабиясындағы құмды алқап. Ауданы 670 мың км². Ұзындығы 500 км-ден астам, ені 300 км-дей. Биіктігі 600 — 1000 м болатын үстірт үстінде жекеленген бұйраттар түрінде орналасқан. Шағыл және қырқалы құмның ірі массивтері, тасты беттер — хамадтар таралған. Құрғақ арналар көптеп кездеседі. Жусанды-эфемерлі өсімдіктер сирек өскен. Көшпелі мал ш. (қой, түйе) дамыған.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|