Құлақшын

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Құлақшын– ерлердің бас киімі.[1] Құндыз, бұлғын, сусар, жанат, түлкі, қарсақ, суыр, т.б. аңдар мен құлын, бұзау терісінен, лақ, қозы елтірісінен тігіледі. Төбесін екі түрлі тәсілмен пішеді. Алдымен теріні төрт не алты сай (қиық) етіп пішіп алады. Сайларының түйісетін ұштары үшкіл, етек жағы тік төртбұрышты. Етегін қусырып тігеді де, оған дөңгелек төбе қондырады. Құлақшын тіккенде теріге өлшеп пішілген астарға мақта не жүн тартып, екінші бетіне шүберек салып сырады. Сыртын терімен тыстап, қалыпқа кигізіп кереді.[2] Құлақшынды басында шамандар киген. Ал төбесі сәл ғана шошайып тігілген құлақшынды сақ дәуірінде дінтанушылар мен шамандар киген. Өйткені, шошайып тігілген құлақшынның төбесі шаманды басқа адамға қарағанда тәңірге бір қадам жақындатады деген түсінік болған. Басқа кигенде ол құлақ үстінде қалқайып тұрғандықтан құлақшын деп атап кеткен.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақ Энциклопедиясы”, VI-том
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8