Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасы
Киргизская Советская Социалистическая Республика
Республика байрағы Республика елтаңбасы

1936 – 1991
Ұраны:
Бардык өлкөлөрдүн пролетарлары, бириккиле!
Әнұраны Қырғыз КСР әнұраны
Елордасы Фрунзе
Құрылды 14 қазан 1924
 КСРО құрамында:
  • бастап
  • дейін
Ауданы
  • Орны:
  • Жер аумағы:
  • Су аумағы:

  • КСРО бойынша 7-орын
  • 198,5 мың км²
Ресми тілдері қырғыз тілі
Халқы
  • Халық саны:
  • Орны:
  • Тығыздығы:

  • 4257 мың адам
  • КСРО бойынша 10-орын
  • 21,4 адам/км²
    КСРО бойынша 12-орын
Уақыт белдеуі UTC+6
Медальдары
Қырғыз КСР мемлекеттік туы
Қырғыз КСР мемлекеттік елтаңбасы

Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасы (қыр. Кыргыз Советтик Социалисттик Республикасы) - Қырғызстан Орта Азияның солтүстік-шығысындағы Одақтас республика. 1924 жылы 14 қазанда Қара Қырғыз АО болып, РКФСР құрамында құрылды. 1926 жылы 1 ақпанда Қырғыз АКСР-іне, 1936 жылы 5 желтоқсанда Қырғыз КСР-іне айналды. Қазақстанмен, Өзбекстанмен, Тәжікстанмен, оңтүстік-шығысында және шығысында Қытаймен шектеседі. Жері 198,5 мың км2. Халқы 3145 мың (1973). Астанасы - Фрунзе қаласы. Әкімшілік жағынан 3 облысқа және тікелей республикалық орталыққа бағынатын 8 ауданға бөлінеді; 15 қаласы, 35 қала типтес елдімекені бар.

Мемлекеттік құрылысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қырғыз КСР-і – КСР Одағына кіретін Советтік Социалистік Республика, жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті. Қазіргі конституциясы Қырғыз КСР Советтерінің төтенше 5-съезінде 1937 жылы 23 наурызда бекітілген. Жоғары мемлекеттік өкімет органы – 8 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 47 жылға сайланатын Қырғыз КСР-інің бір палаталы Жоғарғы Советі. Жоғарғы Совет сессиялары аралығында мемлекеттік өкіметтің жоғары органы - Қырғыз КСР Жоғарғы Советінің Президиумы. Жоғарғы Совет республика үкіметін – Министрлер Советін құрады, Қырғыз КСР заңдарын қабылдайды. Ауылдар мен селоларда, поселкелерде, аудандарда, қалаларда, облыстарда жергілікті өкімет органдары – еңбекшілер депутаттарының тиісті Советтерін халық 2 жылға сайлайды. КСРО Жоғарғы Советінің Ұлттар Советіне Қырғыз КСР-інен 32 депутат сайланады. Қырғыз жоғары сот органы - Қырғыз КСР Жоғарғы Советі 5 жылға сайлайтын республика Жоғарғы соты. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмысты істер жөнінде) және пленум бар. Бұған қоса Жоғарғы Соттың Президиумы құралады. Қырғыз КСР Прокурорын КСРО бас прокуроры 5 жылға тағайындайды.

Сурет:Ош қаласы.jpg
Ош қаласы

Қырғыз жері Тянь-Шань мен Памир-Алай тау жүйелеріне жайласқан. Мұнда абсолюттік биіктігі 500 м-ден төмен аймақ кездеспейді. Территориясының ¾ -і биік тау жоталары; солтүстік жағын Күнгей Алатау мен қырғыз жотасы, батысын Талас Алатауы, Шатқал жотасы, шығысын Теріскей Алатау м��н Көкшалтау жотасы, оңтүстік бөлігін Түркістан және Алай сырты жоталарының солтүстік беткейлері мен Алай жотасы алып жатыр. Ең биік жері – Жеңіс шыңы (7439 м). Талас, Алай аңғарлары мен Ферғана аңғарының солтүстістігі, оңтүстік және шығыс шеттері Қырғыз территориясына енеді.

Географиялық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Геологиялық құрылымы жағынан Қырғыз жері Тянь-Шань қатпарлы аймағына жатады. Палеоген-неогеннен интенсивті тектоникалық қозғалыстардың алғашқы белгілері байқалалды, яғни өлкенің қазіргі биік таулы рельефі қалыптаса бастады. Қырғыз таулары Солтүстік Тянь-Шаньның алғашқы каледондық (Күнгей Алатау, Теріскей Алатау, Талас Алатауы, Қырғыз, Сусамыртау т. б. жоталар), Орта Тянь-Шаньның герциндік Сарыжаз, Келутау, Жетім, Молдатау, Ақширақ, Шатқал жоталары және Оңтүстік Тянь-Шаньның герциндік ( Инылчектау, Борколдай, Атбашы, Кокшалтау, Ферғана, Алай, Түркістан жоталары) қатпарлы жүйелеріне бөлінеді. Тау аралық ойыстар мен терең жарылыстар мезозойлық, кайнозойлық, шөгінділердің қалың қабаттарымен толысқан.

Пайдалы қазбалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстік Тянь-Шань пайдалы қазындылары арасында полиметалл мен сирек кездесетін металдардың өнеркәсіптік маңызы бар, шашыранды алтын, күкірт колчеданы т. б. кездеседі. Орта Тянь-Шаньнан Жетім темір руда бассейні (болжамды қоры 10 млрд т), оңтүстік Тянь-Шаньнан Хайдаркен, Чаувай Чонкой сынап кендері, Касансай ауданынан сурьма, Ақширақ – Сарыжаз ауданынан қалайы, Ферғана аңғарынан мұнай мен газ кендері ашылған. Көмірдің геологиялық қоры (31 млрд т) жөнінен Қырғыз Орта Азияда 1-орын алады. Жалпы қорда тас көмірдің, өнеркәсіптік қорда қоңыр көмірдің мөлшері басым. Маңызды тас көмір кендері негізінен Шығыс Ферғана тас көмір бассейнінде шоғырланған. Термалдық және минералдық бұлақтар бар; олардың негізінде Ыстық-ата, Жалалабад курорттары салынған Қырғыз жері сейсмикалық аймақтар қатарына жатады: жер сілкіну әсіресе Ферғана, Атойнақ тектоникалық жарылыстарында көбірек байқалады.

Қырғыздың климаты континенттік; қаңтардың орта температурасы – аңғарлар мен тау бөктерлерінде – 1,5градус, - 8 градус, таудың биіктік орташа бөлігінде – 8 -20 градус, биік тауда – 27,7 градус. Ауа суықтығының абсолюттік миниумы – 53,6 градус (Ақсай аңғарында). Жазы қуаң, ыстық; шілденің орта температурасы – аңғарларда 20 – 27 градус, таудың биіктік орташа бөлігінде 15-17 градус, биік тауда 5 градус, ауаның ыстықтығы кейде 43 градусқа (Шу аңғарында) жетеді. Желдің аңғарлық түрі басым келеді. Жылдық жауын-шашын мөлшерінің ең аз (100 мм) жері – Ыстықкөл қазан шұңқырының батыс жағы; ең көбі (900-1000 мм) Ферғана жотасының оңтүстік-батыс беткейіне түседі. Тянь-Шань беткейлеріндегі қар жиегі 3600-4600 м биіктіктен өтеді. Республиканың 6578,3 квадрат км жерін мұз басқан, басты мұздықтары: Оңтүстік Инылчек (800 квадрат км), Солтүстік Инылчек (211 квадрат км), Қайынды (84 квадрат км), Семёнов мұздағы (65 квадрат км), Мушкетов мұздағы (69 квадрат км).

Өзен-сулары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қырғыз өзендері Арал теңізі, Тарим, Ыстықкөл, Балқаш алаптарына жатады. Барлық өзендерінің жылдық орташа жалпы ағыны 52 куб км (КСРО-дегі жалпы өзен ағынының 3%-і). Көптеген өзендерінің жоғарғы және орта ағыстары ғана Қырғыз жерінде . аса ірі өзені – Нарын; ол Қарадария өзенімен қосылып Сырдарияны құрайды. Нарынның басты салалары Атбашы, Алабұқа, Кёкёмерен. Солтүстік Қырғыздағы ірі өзен – Шу, Солтүстік-Батыс Қырғызда – Талас, Қиыр Оңтүстік Қырғызда – Қызылсу. Республика территориясында 3 мыңға жуық көл бар; ірілері – Ыстықкөл, Соңкөл, Чатыркөл. Оңтүстік Қырғыздың шөлді және Солтүстік Қырғыздың шөлейт аймақтары сұр, Ішкі және Орталық Тянь-Шаньның шөлді-далалы белдеуі мен Ыстықкөл қазан шұңқырының батыс бөлігі қоңыр топырақты, таудың қуаң беткейлері қызыл қоңыр, ылғалды жақтары қара топырақты келеді. Қырғызда өсімдіктің 3,5 мың түрі кездеседі: Территориясының 3,3%-і орман (әсіресе шырша, арша, жаңғақ ағаштары көбірек өседі). Тау беткейлерінде альпілік және сіубальпілік шалғындар өседі. Шөлейт аймақта толай қоян, саршұнақ, кірпі, далалық өңірде сұр аламан, ақшыл күзен, орманда қоңыр аю, сілеусін, жабайы шошқа, елік, ақкіс, сусар, марал, құстардан аққу, қаз, үйрек, қаршыға т. б. кездеседі. Өзен-көлдерінде балықтың 40-қа жуық түрі бар. жанат, американ күзені, тиін, ондатра, нутрия т. б. бағалы аңдар жерсіндірілген. Республикада ыстықкөл, Сарычелек қорықтары ұйымдастырылған.

Негізгі тұрғындары қырғыздар (1285 мың); олардан басқа орыстар, өзбектер, украиндар, немістер, татарлар, қазақтар (22 мың, 1970) тәжіктер тұрады. 1913-71 жылдары арасында Қырғыз халқы 3,6 есе өсті. Орташа тығыздығы 1 квадрат км жерег 15,5 адамнан келеді, тау аралық аңғарларда, жазық жерлерде 80 адамға дейін жетеді (1972). Халқының 71,3%-і жұмысшылар мен қызметкерлер, 28,4%-і колхозшылар. Қала халқы 37% (1970); ірі қалалары (мың, 1972) – Фрунзе (452), Ош (132), Жалалабад (44,3), Пржевальск (Қарақол) (42,3), Тоқмақ (42,1).

Археологиялық ескерткіштер Қырғыз жерін адам баласы бұдан 300 мың жыл бұрын, ертедегі тас дәуірі (палеолит) кезінен мекендегендігін анықтайды. Ертедегі тас дәуірінің құралдары Орталық Тянь-Шань, Ыстықкөл, Ферғана маңынан,Неолит дәуірінің ескерткіштері Фрун��е, Тоқмақ қалалары мен Ыстықкөл аймағынан, Алтай даласынан табылды. Сарыжаз өзені маңындағы 2 үңгірде (Ақ шұңқыр қаласы) қызыл бояумен қабырғаға салынған хайуанаттар суреті сақталған. Неолит кезіндегі тайпалар тас өңдеудің жетілген техникасын (тегістеу, қашау техникасы) игерген, садақ пен жебені қолданған, балшықтан ыдыстар жасаған. Сол кезеңде (б. з. б. 5-3 мың ж. ) мал шаруашылығы мен егіншілік пайда болған. Б. з. б. 3 мың жылдықтың аяғында әуелі мыстан, кейін қоладан жасалған қарулар тарады. Қола дәуірінде ( б. з. б. 1- мың жылдықтың басы) Қырғыз жеріндегі адамдар 2 топқа - егіншілік және мал шаруашылығы тобына бөлінгендігін археологиялық материалдан байқауға болады. Б. з. б. 7-6 ғасырда темірден соғылған құралдар мен қарулар пайда болды, көшпелі мал шаруашылығы шешуші шаруашылыққа айналды, мүліктік жіктелу күшейді. Таптық қатынас шыға бастады. Көшпелілер арасында рулық одақ, ал егіншілік құл иеленуші мемлекет пайда болды. Солтүстік Қырғызда сақтар (б. з. б. 7-3 ғасыр), кейін үйсіндер (б. з. б. 2 ғасыр – б. з. 5 ғасыры) өмір сүрді. Оңтүстік аудандар (б. з. б. 2 – 1 ғасыр) Паркан мемлекетіне, кейін (1-4 ғасыр) Кушан патшылығына қарады. Қырғыздың оңтүстік аудандарында 4 – 5 ғасыр тоған тоспа техникасы қолданылды, су диірмені пайда болды, канал жүйесі көбейді, ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа түрлері (мақта) егілді. Экономикалық өмірдің және қоғамдық қатынастардың өзгеруіне байланысты егіншілік аймағында құл иеленуші мемлекетті феодалдық мемлекеттік бірлестіктер ауыстырды, көшпелі тайпаларда да ерте феодалдық мемлекет пайда болды. 5 ғасырда Солтүстік Қырғыз көшпенділері отырықшылана бастады. 6-7 ғасырда Қырғыз Батыс түрік қағандығының орталығына айналды. Астанасы – Суяб. Қалалар, қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болды. 6-8 ғасырда Батыс түрік қағандығына қараған тайпалармен бірге көшпелілері Орхон, отырықшылары соғда жазуын қолданды. 10 ғасырдан бастап қырғыздардың Тянь-Шаньды мекендегені жайлы жазба деректерде баяндалады. Ол кезде Шу, Талас далаларында, Ыстықкөл жағалауында қалалар мен отырықшылар көбейе бастады. Олар Орта Азияның басқа аймақтарымен қарым-қатынас жасады. 10 ғасырдың орта шенінен 12 ғасырдың орта кезіне дейін Қырғыз жеріне Қарахан мемлекетінің негізгі бөлігі қоныс тепті. Оның астанасы Шу бойындағы – Баласағұн болды. Бұл кезде феодалдық қатынас едәуір дамыды. 10 – 12 ғасырдаөндіргіш күштер сол кездегі жамудың жоғарысатысына жетті. Талас даласы күміс және басқа металл шығарудың орталығына айналды, біраз қалаларда (Баласағұн,Үзген) қол өнер, сауда және мәдениет дамыды. 13 ғасырдың 1-ширегінде басталған монғол-татар шапқыншылығы даму процесін ұзақ уақытқа тоқыратты.

Монғолдар Орта Азияны жаулап алып, оған көшпелі тайпаларды қоныстандырды. Тянь-Шаньның бір бөлігі және Шығыс Түркістан Шағатай ұлысының құрамына кірді.оның тұрғындары – Жетісу, Қашқар көшпелілері өздерін ерекше Моғол ұлымыз деп атады. 15 ғасырдың 2-жартысында Солтүстік Қырғыз жерінде қырғыз тайпалары бірігіп, жеке хандық құрды. 16 ғасырдың 1-жартысында Қырғыздар ойрат шапқыншылығына қарсы табанды күрес жүргізді. 17 ғасыр мен 18 ғасырдың басында қырғыздардың Шығыс Түркістанның мемлекет-саяси өміріне араласуы күшейді. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың бас кезінде сыртқы саяси жағдайының қиындауына және сауда мен ішкі жағдайының тұрақты болмауына байланысты қырғыздар Ресей патшалығынан қамқорлық сұрауға мәжбүр болды. 1814 жылы және 1824 жылы Ыстықкөл қырғыздарының өкілдері орыстың батыс сібір өкіметтеріне барды. 19 ғасырдың 1-ширегінде Қоқан хандығы Қырғызды жаулап алды. Осыған байланысты орыс-қырғыз қарым-қатынасы тоқтатылды. Бұл кезеңде қырғыздар негізінен көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданды. Қырғыздың қоғамдық-экономикалық құрылысында патриархалдық-феодалдық қатынас үстемдік алды.

19 ғасырдың орта кезінде Қырғыздың Ресеймен жақындасуына қолайлы жағдай туды. Алғаш Ыстықкөл қырғыздары Ресейге қосылуға келісті. Кейін Тянь-Шань тауының және Шу, Талас даласы қырғыздары Ресей империясының құрамына өз еріктерімен қосылды. Солтүстік Қырғыз 1863 жылы қарсаңында, ал Оңтүстік аудандар Қоқан хандығы жойылысымен (1876) Ресейге қосылды. Сөйтіп, Қырғыз әуелі Түркістан облысының (1865-67), кейін Түркістан генерал-губернаторлығының (1867-1967) құрамында болды. Қырғыздың Ресей құрамына өз еркімен қосылуы орыс және қырғыз халықтарын жақындастырды. Олардың патша өкіметі мен жергілікті қанаушыларға қарсы бірлесіп күрес жүргізуі, экономикалық, саяси, мәдени байланыстарының нығаюы орыс және Ресейдің басқа халықтарымен ынтымағын күшейтті. Қырғыз еңбекшілері Қоқан феодалдарының бұғауынан, Шығыстың басқа да мешеу дамыған мемлекеттері сияқты ағылшын ықпалында болудан құтылды. Құл иеленушілікке тыйым салынды, феодалдар арасындағы тартыс жойылды; натуралды шаруашылықтың ыдырап, капиталдық элементтері дами бастады. Орталық Ресейден өндіріс товарлары Қырғызға әкеленіп, олар малға, астыққа айырбасталды. Қырғыздың біраз жеріне Ресейдің орталық және оңтүстік губернияларынан казак-орыстар мен қоныс аударушы шарулар келіп орналасты. Бұл көшпеліліктен отырықшылық жағдайда көшуге, шаруашылыққа құрал-саймандардың, дөңгелекті транспортттың енуіне және ауыл шаруашылығын мамандандыруға ёкөкөніс өсіру, пішен шабу т. б.) ықпал жасады.кулактар мен ауқатты қоныс аударушылар өз өнімдерін Қырғыз бен мақта өсіретін Орта Азия аудандарына салатын товарлы егіншілікпен айналысты. Ресейде капитализмнің дамуы, товарлы-ақша қатынастарының күшеюі, орыс базарларымен байланыстың дамуы, өлкеде кейбір аудандардың экономикалық мамандану процесін тездетті: өңдеу өнеркәсібі, мақта тазалау, май айыру, тері өңдеуші, сыра қайнату зауыттары және басқа ұсақ кэсіпорындар жұмыс істеді. 19 ғасырдың аяғында тау-кен өнеркәсібі, әсіресе көмір шығару өндірісі пайда болды. Капитталистік дамуына байланысты Қырғызда кредит мекемелері, акционерлік серіктестіктер және қарыз-жинақ кассалары пайда болды. Жұмысшы табы мен ұлттық буржуазия қалыптаса бастады. Алайда Қырғызда өнеркәсіп капитализмі дамымады.

Екінші жағынан, Ресейге қосылуға байланысты өлкеде отарлық қанау күшейе түсті, салық мөлшері артты, көпшілік жері отарлау қорына берілді. Сонымен қатар орыс халқының өкілдері қырғыздар арасына озық орыс мәдениетін және халықтар достығы таратты. Мәдени-ағарту мекемелері, діни мектептер ашылды, алғашқы емханалар ұйымдастырылды.

Ресей пролетариаты революциялық қозғалысының ықпалымен Қырғыз еңбекшілері ұлттық және әлеуметтік азаттық күресіне көтерілді. 20 ғасырдың басында Қырғызда марксизм-ленинизм ойлары, революциялық әдебиет тарай бастады. Тұңғыш социал-демократиялық ұйымдар пайда болды. 1905-07 жылы Ресейдегі революциялық басталысымен 1905 жылы көктемде Қызылқия және Сүлікті шахталарында толқулар басталды. Жұмысшылар экономикалық және саяси талаптар (8 сағат жұмыс күнін, жалақыны көбейту, штрафты жою, жұмыстан тыс жұмыстарды қысқарту, жиналыс, одақ құру бостандығы) қойды. Революциялық қозғалыста қырғыз және орыс еңбекшілері бірігіп әрекет жасады. Социал-демократ 1905 жылы 6 тамызда, 22 қазанда, 8 қарашада Пішпекте саяси митинг ұйымдастырды. Қарашада Пішпек, Тоқмақ, Пржевальск (Қарақол) поштателеграф қызметкерлері Бүкіл ресейлық қазан саяси стачкасында (1905) үн қосты.

Халық шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қырғыз – еліміздегі түсті металлдар (сурьма, сынап) өндіретін, ауыл шаруашылық машиналарын, электротехникалық бұйымдары мен приборларын жасайтын, жүн және жібек маталар, қант шығаратын басты аудандардың бірі. 1961-71 жылдары жалпы қоғамдық өнім мөлшері 2,6 есе артты, оның 55,7%-ы өнеркәсіп, 22,5%-ы ауыл шаруашылығы, 12,8%-ы құрылыс, 2,2%-ы транспорт пен байланыс, 2,9%-ы сауда мен қоғамдық тамақтану орындарының үлесіне тиеді. 1925-71 жылдары халық шаруашылығын өркендетуге жұмсалған күрделі қаржы 8,4 млрд сомға жетті. Совет Одағы жұмысшыларының 0,7%-ы, күрделі қаржысының 0,9%-ы, ауыл шаруашылығы жалпы өнімнің 1%-ы Қырғыз үлесіне келеді (1971). Қырғыз экономикасы еліміздің барлық одақтас республикаларымен тығыз байланыста дамуда. Оның әсіресе Қазақстанмен, РКФСР-мен, Өзбекстанмен, Тәжікстанмен және Түрікменстанмен экономикалық байланысы күшті; Қырғызға тасылатын жалпы жүк айналымының 96%-ы осы республикалардан келеді. Халық шаруашылығының сипаты мен экономикалық даму жолдары жөнінен көршілес, туысқан ��ырғыз бен Қазақстан бір-бірімен тығыз байланысты. Қырғыз өнеркәсібі мен ауыл шаруашылық салаларына аса қажетті тас көмір, тыңайтқыштар, құрылыс материалдары, мұнай және қара металлургия өнімдері, астық т. б. Қазақстаннан (Қырғызға әкелінетін барлық өнімдердің 40%-ы) тасылады. Қырғыз Қазақстанға ауыл шаруашылық машиналарын,қорғасын қоспасын, ұнтақ қант, жүн және жібек маталарын береді. Қырғыз экономикасы өнімдері 60 шетелге шығарылады.

Өнеркәсібі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Совет өкіметі жылдары Қырғызда 500-ден астам ірі кәсіпорындар салынды, көптеген жаңа өнеркәсіп салаларының (машина жасау, металл өңдеу, түсті металлургия т.б.) негізі қаланды. Өнеркәсіптің жалпы өнімі 1913-71 жылдары 210 есе артты. Өнеркәсіптің орналасуында да көп өзгерістер болды; Октябрь революциясына дейінгі шағын кәсіпорындар негізінен Оңтүстік Қырғызда шоғырланған, қазір республикада ірі индустриялық Солтүстік Қырғыз және Оңтүстік-Батыс Қырғыз аудандары қалыптасты.

Тау-кен өндірісі – Қырғыз индустриясының басты салаларының бірі. Қырғыз Орта Азия көмірінің 2/5 – ін өндіреді. Негізгі көмір бассейні – Оңтүстік-Батыс Қырғыз; ірі кен орындары – Қызылқия, Сүлікті, Көкжаңғақ, Нарын, Алмалық. Ферғана аңғарының солтүстік-шығыс шетінен мұнай мен газ кендері ашылды. Ірі мұнай кәсіпшіліктері – Майлысай, Избаскент, Чангыр Таш; газ Избаскент атырабында өндіріледі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ совет энцеклопедиясы. 7 том.