Қыземшек мыс қорыту пункті
Қыземшек Мыс Қорыту Пункті — ежелгі кен орны. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал бекетінен оңтүстік-батысқа қарай 48 км жерде.
Алғаш 1968 ж. геологтар В.А. Кастюшин, В.В. Волобуев анықтаған. Аңғарлы ауданы 70x150 м жазықтау далада ежелгі дәуір адамдары қалдырған қорытпалар, минералды мыс қалдықтарының шоғыры табылған. Одан батысқа қарай 1,5 — 2 км жерде байырғы адамдар кентас алған орын анықталған. ұалымдардың пікірінше, осы жерден Қыземшек Мыс Қорыту Пунктіне кентас тасымалданған. Оны осы арадан табылған кен өндіруге қажетті құрал-саймандар сынығы да растай түседі. Шығыс жағындағы Қарамыс орнында тереңд. 5 м вольфрам алынған қазаншұңқыр бар.
Қыземшек Мыс Қорыту Пунктінің айналасынан тағы да бірнеше кен орны анықталған. Археологиялық деректерге қарағанда Қыземшек Мыс Қорыту Пункті-н б.з.б. 2 мыңжылдықта қола дәуірі шеберлері пайдаланған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопе��ия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |