Мазмұнға өту

Қосылған Күзембаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қосылған Күзембаев (9.5.1938 жылы туған, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы) – химия ғылымдарының докторы (1984), профессор (1987).

ҚазМУ-дың (1963, қазіргі ҚазҰУ) химия факультетін және аспирантурасын (1967) бітірген. Жамбылдың жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтының Алматы бөлімшесінде аға оқытушы (1967–69), Қазақстан ғылым академиясының Органикалық катализ және электрхимия институтында аға ғылым қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1969–91), 1991 жылдан Арқалық педагогика институтының ректоры қызметін атқарады.

Газфазалық гидрогендеу реакциясы кезінде катализаторлық жанасуды сыртқы жағынан сәулелендіру арқылы жылдамдатуға болатынын тапты және оның аппаратуралық негізін жасады. 175-тен астам ғылым мақала мен 2 өнертабыстың авторы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы