Қолқа күретамыры
Қолқа күретамыры (лат. Aorta)[1] (pron-en|eɪˈɔrtə; грекше ἀορτή - aortē, ἀείρω - aeirō "көтеремін") - омыртқалылардың қан айналыс жүйесіндегі ең ірі күретамыр; жүректің сол қарыншасынан басталады, дененің барлық тіндері мен органдарын қанмен қоректендіреді.
Қолқа қабырғаларының серпімділігі күретамырлар бойымен қанның үздіксіз ағып тұруын қамтамасыз етеді.
Қолқа күретамырының жүректен бадана тәрізді кеңейіп басталған бөлігі – қолқа баданасының қабырғасы мен қолқа күретамырының айшықты қақпақшалары бірігіп, қолқа қойнауын (синусын) түзеді. Сүтқоректілерде қолқа жүректің сол қарыншасынан шыққаннан соң, жоғары көтеріліп, омыртқа бағанасына және артқа (адамда артқа және төмен) қарай бұрылып, қолқа доғасын құрайды.Қолқаның көк еттегі тесігіне дейінгі бөлігін – көкірек қолқасы, ал оның көк еттен кейін орналасқан құрсақ қуысындағы бөлігін – құрсақ қолқасы деп атайды. Құрсақ қолқасынан кезегімен жалпы сыртқы және ішкі мықын артериялары таралған соң, орталық құйымшақ (адамда – орталық сегізкөз) артериясына айналады. Жүректен қолқаға қан 120 – 130 милиметр сынап бағанасы қысымымен, 0,5 – 1,3 м/с жылдамдықпен ағады. Қолқаның қабырғасы: интима (ішкі қабығы), медиа (ортаңғы) және адвентиция (сыртқы) қабықтарынан тұрады. Олардың орташа ұзындығы 500 микрометр, ені 150 микрометр. Құстарда қолқа доғасы омыртқа бағанасының оң жағында орналасады. Бауырымен жорғалаушыларда қолқаның екі доғасы болады. Қосмекенділер жүрегінің қарыншасынан артериялық конус басталып, екі доғаға бөлінеді де, бір-бірімен бірігіп, арқа қолқасын құрайды. Балықтар мен дөңгелекауыздыларда жүрек қарыншасынан құрсақ қолқасы басталады.Қолқа – жүректен шығатын ірі қан тамыры.
2. Қолқа, қолқа салу – дос, туыс, сыйлас адамдардың бір-біріне тілек білдіруі, бір затты қалауы.
Пайдаланған әдебиетттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |