← Көп тілді Уикипедия біз бірге жазатын және бірге дамытатын ашық энциклопедия. Уикипедия 2001 жылы ашылған, ал қазақ тіліндегі бөлімі 2002 жылы іске қосылды. Қазақша Уикипедияда барлығы 238 466мақала бар. ←Уикипедия — әлемдегі екпінді дамыған интернет тораптарының бірі болып табылады. Біз әлемде ең ірі және кең қамтитын энциклопедияны құруға ниеттіміз. Қазіргі уақытта біздің барлық тіл тарауларымызда қырық миллионнан аса мақала бар. Қазақша Уикипедияның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! ← Өз аккаунтыңыз үшін гаджеттері іске қоса аласыз.
Жеке бетіңізге юзербокстарды қолдана отырып өзіңіз туралы таныстыру жазыңыз және талқылау бетіңіз арқылы басқа қатысушылармен байланыс жасай аласыз және хабарламалар жібере аласыз.
Басқа қатысушыларға хабарлама жібергенде/жауап бергенде келесі нұсқауларға еріңіз:
Қатысушының талқылау бетіне өткен соң оң жақ жоғарыда тұрған тақырып қосу деген батырманы басыңыз;
Хабарламаңыздың тақырыбын жазыңыз;
Хабарламаңыздың соңына қолтаңбаңызды қою үшін ~~~~ дегенді теріңіз немесе өңдеу құралдары үстеліндегі () батырмасын басыңыз. Бұл сіздің қатысушы есіміңіз бен жауап берген уақытыңызды автоматты түрде жазып береді.
Уикипедияның кез келген бетінің оң жағында іздеу жолағы бар. Сол арқылы мақала атын енгізіп іздеу дегенді басыңыз. Мүмкін әліпби бойынша тізім беті арқылы іздегеніңізді оңай табарсыз.
Сіздің іздеген бетіңізге ұқсас тақырыптар табылып қалуы мүмкін. Егер табылмаса сіздің жазған мәтініңіз қызыл сілтеме болып көрсетіледі де сол сілтеме арқылы жаңа бет бастай аласыз. Бұрыннан бар мақалаларды басқа атаумен қайта бастамаңыз. Бірден мақала бастамас бұрын Уикипедияда бұрыннан бар мақалаларды өңдеп тәжірибе жинаңыз. Бірақ бірінші мақалаңызды бастағанда нұсқаулық бойынша бастағаныңыз жөн. Әйтпеген жағдайда жою саясатына сәйкес мақалаңызды Администраторлар жойып жіберуі мүмкін. Бұрыннан мақала жазуда тәжірибеңіз болмаса өзіңіздің жеке зертханаңызда сынап көріңіз.
Hello and welcome to the Kazakh Wikipedia! We appreciate your contributions. If your Kazakh skills are not good enough, that’s no problem. We have an embassy where you can inquire for further information in your native language. We hope you enjoy your time here!
The Wikimedia Foundation is asking for your feedback in a survey about your experience with Уикипедия and Wikimedia. The purpose of this survey is to learn how well the Foundation is supporting your work on wiki and how we can change or improve things in the future. The opinions you share will directly affect the current and future work of the Wikimedia Foundation.
A couple of weeks ago, we invited you to take the Community Insights Survey. It is the Wikimedia Foundation’s annual survey of our global communities. We want to learn how well we support your work on wiki. We are 10% towards our goal for participation. If you have not already taken the survey, you can help us reach our goal! Your voice matters to us.
There are only a few weeks left to take the Community Insights Survey! We are 30% towards our goal for participation. If you have not already taken the survey, you can help us reach our goal!
With this poll, the Wikimedia Foundation gathers feedback on how well we support your work on wiki. It only takes 15-25 minutes to complete, and it has a direct impact on the support we provide.
Түркі марафоны 2021 — 2021 жылдың 1 - 31 шілде аралығында өтетін контент дамытуға бағытталған халықаралық жоба.
Жоба мақсаты — түркі тілдерінде сөйлейтін елдер және олардың мәдениеті туралы мақалалар жазып, түркі тілдерінде сөйлейтін уикипедияшылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Әділқазылар алқасының бағалауынан кейін көрсетілген мерзім аралығында ең көп ұпай жинаған қатысушылар марапатталатын болады.
Қара құрдым мақаласы таңдаулы мақалаға толық лайық деп санаймын. Мұл мақалыны жазған өзім емес @Alphy Haydar: мырза жеті жылдан бері қазақша Уикипедияға үлес қосып келеді. Мақала тілі өте жаттық, әрі ғылыми стилде жазылған. Қанша жылдан бері Басты беттегі таңдаулы мақала өзгерген жоқ. Енді өзгерттетін кез келді. Сонымен қоса осы уақытқа дейін ғылымға қатысты мақалалар таңдаулы мақала статусын көп алған жоқ. Ғылымға басымдық бере отырып осы мақаланы таңдаулы мақала деңгейіне көтерейік.
Саламатсыз, Индербор мақаласына мәлімет қосыпсыз. Меніңше ауыл үшін ауыл көшелерін құр тізбектеп көрсеткен дұрыс емес, артық нәрсе. Оның үстіне сілтемелер тым көп болып кетті, көшеге емес кісі есімдерге сілтеп тұр. Рахмет --KasymovТ18:42, 2022 ж. сәуірдің 27 (+06)[жауап беру]
Конференция 2022 жылдың 21-23 қазаны аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласында өтеді.
Құрметті достар,
Ыстамбұл Уикидерек конференциясына стипендия алуға өтінімдер ашық екенін хабарлауға қуаныштымын. Егер сіз түркі қауымдастығының өкілі болсаңыз және түркі тілдеріндегі Уикимедиа жобаларына белсенді қатысатын болсаңыз, онда сіз стипендияға өтініш бере аласыз. Өтініштер 2022 жылдың 30 маусымы, UTC 23:59 дейін қабылданады.
Үміткерлер толық стипендияға өтініш бере алады. Толық стипендия Түркі қолданушылары тобының Уикимедиа қауымдастығы (Wikimedians of Turkic Languages User Group) ұйымдастыратын конференция кезінде жеке тұлғаның екіжақты саяхат, ортақ тұрғын үй және тамақтану құнын қамтиды.
Түркі тіліндегі уикимедиашыларға арналған Wikidata Training туралы қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз: https://w.wiki/53dX
Стипендия, тіркеу және өтініш формасы туралы көбірек білу үшін мына сайтқа кіріңіз: https://w.wiki/5FFv
Бұған қоса, Түркі қолданушылары тобының Уикимедиа қауымдастығы жобалары мен оқиғалары туралы ақпарат пен жаңалықтар алу үшін біздің пошталық тізімге (https://w.wiki/5FFw) жазылуға шақырамыз.
Кеш жарық, Жетісу облысын асықпай атын өзгерту керек еді. Себебі аталған ескі атауға көптеген мақалалар сілтеніп тұр. Ал қазір тарихи облыстың орнына қазіргі жаңа облысқа сілтеніп кетеді. Осыны Арыстанбек пен Нұрлан мырзаға айтып көріңізші KasymovТ02:23, 2022 ж. маусымның 12 (+06)[жауап беру]
Қайырлы түн! Мен Абай облысын басынан бастап өңдеп жатырмын, сіз қатарласып кетіпсіз. Бүгін Елтай ауылдық округінің атауын өзгерткен екенсіз, жоятын сілтемені қалдырып кетіпсіз. Біріміздің артымыздан біріміз қосарланып жүргенше (кім нені өңдегені түсініксіз болмас үшін), маған мүмкіндік беріңіз, бұл облысты аяғына дейін жеткізуге. Қатысушы талқылауы:Салиха Салиха 23:05, 2022 ж. маусымның 19 (+06)[жауап беру]
Жақсы, іске сәт! Мен Көкпекті ауданын өңдей алмай отырмын, ауылдардың қайсысы қай ауданға ауысқаны немесе қалғаны туралы ақпарат жоқ. Әзірге (ақпарат табылғанша) Шығыс Қазақстан облысын өңдеп бітіре берейін. Қатысушы талқылауы:Салиха --Салиха 15:26, 2022 ж. маусымның 22 (+06)[жауап беру]
Білгіш Шежіреші, Жаңаарқа ауданы елді мекендері үлгісінде сіз жылжытқан мақалаларды реттеп, ескі атауын жойып жатырмын. Енді мәселе мұнда: тек Қарағанды облысы → Ұлытау облысы деп өзгертпей, сонымен қатар Жаңаарқа ауданы деп тұрған елді мекендерді бір тексеріп шығу керек (себебі ондай аттас ауыл жаңа облыста жалғыз болса ауданның орнына облысы жазылады). Сосын ауылдық округтер де дәл сондай жағдай. Тағы сосын аталған облысқа өткен аудандардың ауылдық округтерін, елді мекендерін және ауданның өзін, Қарағанды облысы орнына Ұлытау облысы деп мақалаға және Елді-мекен үлгісіне де өзгерістер жасау керек. Және соңғысы Қарағандыда қалып қойған аудандар атауын тексеріп шығу керек, мысалы Ақбұлақ (Жаңаарқа ауданы), Ақбұлақ (Осакаров ауданы), біріншісі Ұлытау облысы, екіншісі Қарағанды облысы деп өзгертіледі. Тағы айтамын егер облыста жалғыз аттас болып жатса. Түсіндірдім деп ойлаймын. Мен де жақын аралықта кірісемін, осындай жағдай Алматы облысында күтіп тұр. @Салиха: ханым меніңше екі облысты да солай ретке келтіріп жатқанға ұқсайды. --KasymovТ00:28, 2022 ж. маусымның 24 (+06)[жауап беру]
Иә, ол ережелерді өткенде бір рет ескерткенде қаперге алғанмын. Өзгерткенде алдымен мақаланың айрық бетін, сосын сол мақалаға сілтейтін беттерді өзгертіп, соңынан мақаланың атауын өзгертіп жатырмын. Мақаланың атауы өзгергеннен кейін, үлгіні дұрыстап жатырмын. Білгіш Шежіреші (талқылауы) 01:20, 2022 ж. маусымның 24 (+06)[жауап беру]
Рахмет, сізге және Салиха ханымға AutoWikiBrowser жүктеп, бітікшілерден рұқсат алып, бот арқылы осындай жұмыс жасауға болар еді. Менің Kasymbot қазіргі үлестерін салыстырып қарап көріңіз, жұмысты біраз жеңілтетеді --KasymovТ01:35, 2022 ж. маусымның 24 (+06)[жауап беру]
Қайырлы күн! Жаңа облыстардан өңдеуге көмек керек болса айтыңыз, мен Абай мен ШҚ облыстары елді мекендерінің ауыс-күйісін бітірген сияқтымын, енді географиясына көшемін. Бүгін денсаулыққа байланысты "больничный" (көз ауырып) алдым . Қатысушы талқылауы:Салиха--Салиха 11:15, 2022 ж. маусымның 27 (+06)[жауап беру]
Кеш жарық, аталған санатты Қазақ елді мекендерге қою қаншалықты маңызды? Бұдан түсініксіздік туындауы мүмкін, сонда басқа ұлттар тұрмайды ма, әлде казактар құрған елді мекен бе? Меніңше алып тастау керек және осы оған ұқсас тағы да санаттар қойған сияқтысыз, оларды да алып тастау керек. Менімен келіспесеңіз Нұрлан, Батырбек мырзалардан сұрап көріңіз. KasymovТ01:55, 2022 ж. шілденің 26 (+06)[жауап беру]
Қайырлы түн. Иә, мен қойған санаттардағы елді мекендердің негізін казактар қалаған. Санаттарды алып тастаудың керегі жоқ деп ойлаймын. Тек санаттардың атауын "----- казак әскерінің тарихи елді мекендері" деп өзгерткен жөн секілді. Сонда түсініксіздік туындай қоймас.
Жарайды, бірақ та сол казактар қалаған екен деп елді-мекендерге санат қойғаныңыз әлі ұнамай отыр( Айтпақшы санат атын өзгертіпсіз, алайда жаңа санатқа ешқандай мақала сілтенбей тұр.--KasymovТ15:55, 2022 ж. шілденің 29 (+06)[жауап беру]
Иә, үшеуінің біреуін өзгертіп қойдым. Енді мақалалардағы санатты өзгерту маған көп жұмыс болып тұр. Сол үшін ботпен жұмыс жасауға рұқсат сұрап едім, бітікшілер әлі жауап бермеді. Енді рұқсат берсе істеймін. Білгіш Шежіреші (талқылауы) 03:46, 2022 ж. шілденің 30 (+06)[жауап беру]
Саламатсыз, Білгіш Шежіреші. Сұрақ/өтініш: Қарағанды мен Ұлытау облыстары елді мекендер бойынша өзгерістер (атауы, мазмұны, үлгілер) толық бітті ме? Егер бітсе, Алматы облысы бойынша сіз, мен, Салиха ханыммен бірге жұмыс жасасақ) KasymovТ20:51, 2022 ж. тамыздың 1 (+06)[жауап беру]
Айтпақшы айдатқыштарды жою керек деп белгілемей-ақ қойыңыз) (екі жұмыс жасап) Соңғы өзгерістерді бақылап отырмын. Тек соған сілтенген беттерді түзетіп шыға кетсеңіз болды --KasymovТ22:34, 2022 ж. тамыздың 9 (+06)[жауап беру]
Қазақстанның жаңа 3 облысына қарасты елді мекендердің атауын өзгертіп, мазмұнды толықтырып, ерінбей уақыт бөліп, Қазақша уикипедияның дамуына үлесіңіз үшін марапат! --KasymovТ01:42, 2022 ж. тамыздың 14 (+06)[жауап беру]
Байқағаным, Салиха ханым Шығыс Қазақстан бойынша кейбір жерлерде шатасып қателескенге ұқсайды) Әрине елді мекен өте көп, шатаспау мүмкін емес. Мен де сіздің Қарағанды облысы бойынша атаулардан кеткен шағын қателеріңізді түзетіп кеткен едім. Осылай бір-бірімізді артымызды тексеріп, санаспай отырсақ мақала сапасы жақсарып, қателіктер азаяр еді --KasymovТ01:54, 2022 ж. тамыздың 14 (+06)[жауап беру]
Астанада болатын Уикимедиа конференциясына стипендия алуға өтінім қабылданып жатқанын қуана хабарлаймыз. Қазақша сөйлейтін уикимедиашылар қауымдастығының өкілі болсаңыз әрі қазақ тіліндегі Уикимедиа жобаларына үлес қоссаңыз, осы конференцияға қатысу үшін стипендияға өтініш бере аласыз.
Стипендияның екі түрі болмақ: жол мен қонақ үйге кететін шығынды толық қамтитыны және тек жолды қамтитын жартылай стипендия.
Конференцияда қандай тақырып қозғалғанын қалайтыныңызды айтқыңыз келса, бұл шарадан не күтетініңізді жеткізгіңіз келсе, мына сауалнаманы толтырыңыз: сауалнамаға сілтеме
Кеш қайырлы. Аударатын мақаланы зертханаңызда бастайсыз. Орысша Уикиден мақаланы көшіріп, біртіндеп аудара бересіз. Үлгі кездессе, қазақша нұсқасына ауыстырып жазу керек (тікелей аудара салмау керек). Мақала бастысы сапалы аударылуы керек. Егер бастап жатсаңыз, тексеріп қателерін түзеп берем. -- Кассериум21:23, 2023 ж. мамырдың 1 (+06)[жауап беру]
Мен Орыс мақаласы "Огуз-хан" мақаласын аударғым келеді. Мен Орысша мақаладан сөйлемдерін толықтай көшіріп, сапалы қылып аударамын. Сол аударғандарымды. "Жаңа мақала" бастап жазам ба? Түрікше немесе Моңғол тілдеріне аударғанда мүлдем басқа болып аударылады Alikhantanirbergennurlanuly (талқылау) 10:52, 2023 ж. мамырдың 9 (+06)[жауап беру]
Олар ресми түрде сирек жарияланады. Жаңалықтардан оқып немесе әкімдікке шығып сұрап білуге болады. 2021 жылғы санақтың толық қорытындыларының шыққанын күткен дұрыс болар -- Кассериум01:53, 2023 ж. маусымның 21 (+06)[жауап беру]
Құрметті Кассериум, мәселе қанша жыл болғанда емес. Бұған екі себеп бар. Бірінші, не себепті біз өзіміздің тәуелсіз елімізде жер-cу атауларын орыс тілінде атауымыз керек?! Қанша жерден бұл біздің тарихымыз болғанымен де, егер қазақша атауы бола тұра орысша жазғанымыз империялық, кеңестік саясатты мойындап, басыбайлылықты құптағанымызбен бірдей. Негізінде, Киров деген кім? Оның түркі-қазақ халықына қандай қатысы бар? Орыс бөлімінде ауданның атауы оның тегімен аталған деп неге қазақша атауын елемеуіміз керек. Керісінші, біз өзімізге ыңғайлы, яғни қазақ тіліне жақын етіп жазуымыз керек. Бұл, егер, қателеспесем заң бұзушылық емес. Киров деп қазақша бөлімде жазғаныңыз үшін орыстар келіп басыңыздан сипамайды. Иә, аз ғана жыл сол атаумен болды, орыс бөлімінде солай жазылып тұр, бірақ бұл ештеңені өзгертпейді. Екіншіден, аз жыл осы атаумен болғанымен де, құрылғанда Өскемен ауданы деп аталған. Орел Карл (талқылау) 21:22, 2023 ж. шілденің 22 (+06)[жауап беру]
Қайырлы кеш. Бастапқыда Өскемен ауданы деп аталғаны аудан тарихында көрсетілсе де жетіп жатыр. Әрі ұнамайды деп ауыстыра беретін Уикипедия жеке кеңістік емес. Сондықтан орысша жер-су атауларын бей-берекет қазақшалай бермей, керісінше сол мақалалардың сапасын арттыру қажет. -- Кассериум22:38, 2023 ж. шілденің 22 (+06)[жауап беру]
Өскемен ауданы деп жазса несі жаман, осыған жауап беріңізші, мұнда ұнайды, ұнамайды делініп тұрған жоқ. Өскемен деген атау ауадан алып тұрған жоқ. Бұл нақты факт, жақсы түсінер едім егер ойдан шығарып отырса. Сәуір 1 (талқылау) 22:53, 2023 ж. шілденің 22 (+06)[жауап беру]
Ауадан алынбағанын түсініп отырмын, бірақ өзгертілген ауданды бұрынғы атымен атағанды дұрыс деп ойлайсыз ба? Бұл Риддерді Лениногор, Алтайды Зырян деп атағанмен тең. -- Кассериум23:11, 2023 ж. шілденің 22 (+06)[жауап беру]
Жақсы, Риддерге келсек, Риддер қазір Риддер деп аталады, бұл ресми атауы, Алтай ол да ресми (официальный) атауы, бұл атаулар Мемлекетпен бекітілген және олар таратылмаған, жойылмаған елді мекендер, олармен салыстыруға келмейді. Бұл аудан өзгертілген болғанымен қазір ол аудан таратылған, ондай аудан жоқ. Аудан атауын Өскемен ауданы деп жазса несі қате? Сәуір 1 (талқылау) 00:43, 2023 ж. шілденің 23 (+06)[жауап беру]
Армысыз, құрметті @Casserium! Сіз бірнеше рет Ақжайық ауданы (Қазақ КСР) деген атаумен мақала бастаған екенсіз. Ақжайық ауданы деген мақала бар болғандықтан, мүмкіндігінше тарихын сол мақаланың ішінде жазуға болар еді. Ауданның құрылымы ауысып отырғанын түсінеміз, бірақ сол өзгеріс тарихын бір жерге жинау дұрыс шешім деп ойлаймын. Еңбегіңізге көп рахмет! Ashina (талқылау) 08:43, 2023 ж. қыркүйектің 21 (+06)[жауап беру]
Қайырлы күн! Кеңес заманындағы Ақжайық ауданы қазіргі Ақжайық ауданынан бөлініп шыққанымен, қазір бұрынғы аумағы Теректі ауданына қарайды. Ақжайық ауданы жойылғанда, оның аты Чапаев деген ауданға берілген. Егер екеуі екі бөлек аудандар болса, бір мақалаға біріктіруге қажеттілік түсініксіз. -- Кассериум13:09, 2023 ж. қыркүйектің 21 (+06)[жауап беру]
Кеш жарық, университет атауларын жылжытып жатыр екенсіз. Енді боттың көмегімен, автовики арқылы бұрынғы атауға сілтенген мақаларды түзетіп шығу керек KasymovТ22:28, 2024 ж. ақпанның 13 (+06)[жауап беру]