Қатысушы:Акжан Шералиева/зертхана
Бұл жеке зертхана беттіңізде мақала өңдеп үйрену үшін жазғандарыңызды сынап көріңіз. Бұл бетті 2021-02-27, 14:49 кезінде (3 жыл бұрын) Акжан Шералиева (журналы | үлесі) соңғы рет өңдеді. |
Юдит Янс Лейстер | |
Автопортрет, 1630 | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Харлем |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Хемстеде[3] |
Шыққан жері |
Нидерландылық |
Жанры |
Портрет және натюрморт |
Юдит Янс Лейстер (нидерл. Judith Jans Leyster, 28 шілде 1609[4] — 10 ақпан 1660) — Нидерландтық алтын ғасыр суретшісі.
Ол портрет және натюрморт жанрында сурет салған. Оның жұмыстарын замандастары жоғары бағалағанына қарамастан ол қайтыс болғаннан кейін, оның туындылары ұмытыла бастады. 1893 жылға дейін оның барлық туындылары Франс Халске немесе оның күйеуі Ян Миенс Моленерге тиесілі болды. Тек 19 ғасырдың аяғында ғана оның көркемдік қабілеттерін мойындай бастады.[5]
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лейстер сыра қайнатушы мен тігіншінің отбасында дүниеге келді. 1633 жылы ол Харлем Суретшілер одағы - Әулие Лука гильдиясына қабылданды. 1636 жылы ол суретші Моленарға үйленіп, жағдайларын жақсарту мақсатында Амстердамға көшеді. Лейстер мен Моленарға бес баланы дүниеге алып келеді. Оның жұмыстарының басым бөлігі, оның күйеуге шықпай тұрған кезінде
Шығармашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лейстердің портреттерде, натюрморттарда және жанрлық кескіндеме жұмыстарында суретші Франс Халстың әсері байқалады (Лейстер оның шәкірті болған деген болжамдар бар). Ол Харлемдегі әулие Лука гильдиясының мүшелері қатарындағы алғашқы әйел болды. Оның бірнеше картиналарында 1620-1630 жылдардағы кескіндеме өнері үшін жаңа бағыт болған үй жұмыстарымен айналысатын әйелдердің суреттері бейнеленген.
Мұрасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Джудит Лейстердің жұмысын сақтайтын мұражайларға Амстердам мемлекеттік мұражайы; Гаагадағы Маурицхейс; Харлемдегі Франс Хальс мұражайы; Париждегі Лувр; Лондондағы Ұлттық галерея; және Вашингтондағы Ұлттық өнер галереясы кіріді.
Әдебиеттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Harris A.S., Nochlin L. Women Artists: 1550—1950 . New York: Los Angeles County Museum of Art; Knopf, 1976.
- Fox Hofrichter F. Judith Leyster: a woman painter in Holland’s Golden Age. Doornspijk: Davaco, 1989.
- Chadwick W. Women, Art, and Society. London: Thames and Hudson, 1990.
- Welu J.A., Biesboer P. Judith Leyster: a Dutch master and her world. Zwolle: Waanders Publishers; Worcester: Art Museum, 1993.
- Fraser A.I. Judith Leyster. Indianapolis: Indianapolis Museum of Art, 1995.