Мазмұнға өту

Қатынас құру

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қатынас құру, қатынау (Доступ; access) — 1) сұраныс бойынша мәліметтерді алу мүмкіндігі; мәліметтерді таңдау тәсілдерінің сипаттамасы; 2) сақтау құрылғысымен және онда орналасқан файлдармен мәліметтерді жазу немесе оқу үшін байланыс орнату процедурасы.

Алгоритмдік қатынас құру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алгоритмдік қатынас құру (Алгоритмический доступ; algorithmic access) — адресті қандай да бір алгоритм бойынша есептеуге негізделген қатынас құру.

Біртіндеп қатынас құру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Біртіндеп қатынас құру (Последовательный доступ; sequential (serial) access) — файл жазбаларының файлдың құрылу процесінде ескерілгендей, жадта орналасу ретімен қатынас құру тәсілі.

Дара өрісті қатынас құру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дара өрісті қатынас құру (Монопольный доступ; exclusive access) — бағдарламаның мәліметтерге монопольдық режимде қатынас құруы. Бір бағдарлама монопольдық режімде қолданатын мәліметтерге басқа бағдарламалардың катынас құру мүмкіндігі болмай, олар күту режімінде тұрады.

Жергілікті қатынас құру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жергілікті қатынас құру (Локальный доступ; local access) — компьютердің енгізу-шығару құрылғылары арқылы қатынас құру.

Кванттық-көпшілік қатынас құру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кванттық-көпшілік қатынас құру (Множественный доступ с квантованием; time- division multiple access) — мәліметтерді жеткізу жүйелерінде кванттық уақыт беру ортасына қатынас құруды басқару әдісі; бір символды жалпы (сақиналық) арнамен жеткізу үшін әрбір торапқа бөлінеді.

Кестемен қатынас құру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кестемен қатынас құру (Доступ по расписанию) — пайдаланушының жүйемен жұмысын алдын ала белгіленген белгілі бір уақыт аралығында ұйымдастыру.

Көпшіліктік қатынас құру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көпшіліктік қатынас құру (Множественный доступ; Multiple access) — мәліметтер алмастыру желілерінде кеңтаралымды арнаға көптеген станциялардың катынауы. Мұнда қайшылықты табу арқылы реттестіріп аттасуды қайта орындау жолдары ұйымдастырылады.

Кілттік қатынас құру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кілттік қатынас құру (Доступ по ключу (ключевой доступ); keyed access) — файл жазбасына өту оның кілтін көрсету арқылы орындалатын қатынас құру тәсілі.

Параллель қатынас құру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Параллель қатынас құру (Параллельный доступ; parallel access) — сақтау құрылғыларында биттердің біртіндеп емес, бір уақытта берілуі арқылы мәліметтерге қатынас құру.

Тікелей қатынас құру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тікелей қатынас құру (Прямой доступ; direct access) — мәліметтердің барлық элементтеріне қатынас құру біркелкі, сондықтан кез келген элементке өту үшін басқа элементтерді қарастырудың қажеті болмайды.[1]

Ішкі сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

��ереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5