Қатардағы сақтардың қабірлері (б. з. б. VII-II ғғ.)
Қатардағы сақтардың қабірлері (б. з. б. VII-II ғғ.)
Сақ заманындағы қатардағы қауым мүшелерінің қабірлері көлемі, бейіттік құрылыстың кұрылымы мен қойылған заттары жөнінен бесшатырлық және есіктік үлгідегі патшалық қабірлерден мүлдем өзгеше. Сақ мәдениеті алдыңғы кезеңінің (б. з. б. VII—VI ғасырлар) мұндай жерлеу орындарына Қарғалы-1 және Алтынемел жотасы-2 қорымдары жатады. Қарғалы-1 қорымы осылай аталатын қойнауда (Алматыдан батысқа қарай) орналасқан. Мұндағы обаларға да тас үйінді түрғызылған, олардың астында сүйек салынған тас жәшіктер болды. Сүйектер созылған күйінде, бастары солтүстік-батысқа карап жатты. Ескерткішті зерттеушілер Қарғалы-1 қорымының мерзімін б. з. б. VIII—VII ғасырларға, қоладан сақтарға өтетін өтпелі дәуірге жатқызады. Шолақ тауларының Алтынемел асуындағы тас жәшікті жерлеу орындары алдыңғы сақ заманына жатады. Мұндағы тас жәшіктер қырынан көмілген жалпақ тақтатастардан құралған да, ұзына бойымен батыстан шығысқа бағытгалған. Жуантөбе қорымындағы обалар да сақ мәдениетінің алдыңғы кезеңіне жатады. Олардың көлемі ша��ын, өзеннің малтатастары аралас топырақтан үйілген. Қабірлерде адам сүйектері көлденең қойылған ағаштармен жабылған, ұзына бойы батыстан шығысқа қарай бағытталып, жер шұңқырларда жатты. Жерленгендердін жанынан табылған қола ауыздыктар, пышактар, сүйек пен ағаштан жасалған тарақтар, моншақтар, тартпалардың қола айылбастары және керамикалық ыдыстар Жуантөбе мерзімін б. з. б. VI—V ғғ. деп белгілейді. Соңғы сақ заманынын (б. з. б. V—IV ғғ.) біршама жақсы мәлім Қадыр бай-3, Қарашоқы және Қызылауыз сияқты ескерткіштер сол заманға жатады. Шолақ тауларында, Іле өзенінің оң жағасында орналасқан Қарашоқы қорымында қазылған обаның топырақ пен қиыршыктас араласқан шағын үйіндісі; үйінді үстінде дөңгелек қоршау мен оның сыртынан қоршалған тағы бір қоршаудың тастары болды. Адам жерден қазылған шұнкырға жөрленген. Кәбірдің ішінен б. з. б. V—IV ғасырларға жататын жебелердің ұңғылы қола ұштары табылды33. Қадырбай-2 (Іле аңғары) қорымының обаларындағы үйінді тас аралас топырақтан тұрғызылып, олардың іргелерін белдеулей тас қаланған. Жерден қазылған шұңқырдың түбіне қойылған тас жәшіктердің ішінен шалқасынан созылған күйінде, басы солтүстік-батысқа немесе батысқа каратып жерленген өліктердің сүйектері табылды. Қабірлерден б. з. б. IV—III ғасырларға тән керамикалык ыдыстар, аңдык стильде сәнделген қола тоға және сабы бар қола айна шықты. Жерлеу мезгілі б. з. б. IV—III ғғ. деп белгіленеді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—149 ISBN 978-601-282-026-3