Қарқылдақ шағалалар
Көрініс
Қарқылдақ шағалалар | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қарқылдақ шағалалар
| ||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
|
Қарқылдақ шағалалар (лат. Sternidae) — Татреңтәрізділер отрядының тұқымдасы.
Ұзындығы 21—54 см. Қанаттары үшкірленген, құйрықтары айрланған. Тұмсығының ұшы қармақталмаған, үшкір. Қорек іздеп, аспанда қанатын қағып бір жерде 2—3 с қалқып тұрып алады. Әлемде 10 туыс, 43 түрі бар, оның 5 туысы мен 10 түрі ТМД кеңістігінде таралған. Теңіз жағалаулары өзен және көл жиектерін мекендейді. Ұсақ балықтар және жәндіктермен қоректенеді, далалық аймақтарда кесірткелермен көкқасқа шегірткелерді аулайды.[1]
Қазақстанда олардың 5 туысынан 8 түрдің өкілдері кездеседі. Рас, жүйелеушілердің соңғы негізгі ойы бойынша туыстарлың барлығын (батпақтық туыстардан басқасы) қазір бір туысқа -нағыз қырқылдақтар туысына апаруға саяды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Sternidae
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |