Мазмұнға өту

Қарашаш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қарашаш - қазақтың Жиренше шешенге байланысты тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкері, Жиреншенің әйелі.


Қарашаш туралы ертегілердің сюжеттері, көбінесе, шешендік жұмбақтар сарыны негізінде құрылған. Қазақ фольклорында "Қарашаш" деген атпен әйгілі болған типті бейненің қалыптасу тарихы өте ұзақ. Ол шешендік, тапқырлық, даналық туралы ертегілердің болу, қалыптасу және даму тарихымен тығыз байланысты. Бұлардың ең арғы түп-тамыры жаңа тас дәуірі мен бастапқы металл дәуірінде орын алған дәстүрлі ырымдар мен сол ырымдарға негіз болған наным-сенімдерден туған. Сондай шешен, даналық туралы ертегілер кейіннен Қарашаш пен Жәнібек хан Жиренше туралы аңызда дамып, қалыптасты. Қарашаш бейнесі - өз бойына фольклорлық дәстүрдің түрлі ерекшеліктерін сіңірген күрделі бейне. Қарашаштың есімі әрқашан да Жиренше шешен атымен қоса айтылып жүреді. Жиренше шешенмен байланысты ертегілер орта ғасырлардың бастапқы кезеңдерінде шоғырланып, құрала бастаған. Осыған қарағанда, шешендік жұмбақ, дана қыз туралы сюжеттердің Қарашаш атымен байланыстырылуы да осы кезден басталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6