Қаратал-Жапырақ мемлекеттік қорығы
Көрініс
Қаратал-Жапырақ мемлекеттік қорығы қыр. Каратал-Жапырык мамлекеттик коруг | |
ХТҚО санаты — Ia (Қатаң табиғи резерват) | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Ауданы | 363,93 км² |
Құрылған уақыты | 1994 жылы |
Орналасуы | |
41°37′25″ с. е. 75°23′28″ ш. б. / 41.62361° с. е. 75.39111° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 41°37′25″ с. е. 75°23′28″ ш. б. / 41.62361° с. е. 75.39111° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қырғызстан |
Аймақ | Нарын облысы |
Ең жақын қала | Нарын |
Қаратал-Жапырақ мемлекеттік қорығы (қыр. Каратал-Жапырык мамлекеттик коруг) — Қырғызстан Республиканың Нарын облысында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аймақ. 1994 жылы құрылған. Қазіргі уақытта мемлекеттік қорықтың жалпы аумағы 36 393 гектарды құрайды. Қорық 3 ерекше қорғалатын аумақтан тұрады: Қаратал-Ашатас, Соңкөл және Шатыркөл. Ол бірегей табиғи кешендерді сақтау, Орталық Тәңір тауының флорасы мен фаунасының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғау менен аймақтық экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін құрылған.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1994 жыл. Орталық Тәңір тауының бірегей табиғи кешендерін, сирек және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлерін сақтау, сондай-ақ аймақтың жалпы экологиялық теңгерімін сақтау мақсатында Қырғызстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылғы 1 наурыздағы № 91 қаулысымен қорық ұйымдастырылды. Сол кездегі қорық аумағы 5980 гектарды құрады.
- 1996 жыл. Қырғызстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 маусымдағы № 277 қаулысымен мемлекеттiк қорықтың 470 гектар жайылымдық жері Нарын облысындағы 8 наурыз атындағы шаруа қожалығының теңгеріміне берiлді.
- 1998 жыл. Қырғызстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 1998 жылғы 5 тамыздағы № 58 бұйрығымен қорық теңгеріміне Ыстықкөл мемлекеттік қорығынан екі ерекше қорғалатын аумақтар: 1. «Соңкөл» қорық аймағы (жалпы ауданы – 8600 га, оның ішінде: жер – 3400 га, су – 5200 га) және 2. «Шатыркөл» қорық аймағы (жалпы ауданы – 7154 га, оның ішінде: жер – 3200 га, су – 3954 га) берілді.
Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Мамбеталиев Сулайман. Жашоо чыйырлары: Чыгармалар жыйнагы / Жыйнакты түзгөн Гүлмира Мамбеталиева; китепти каржылаган Аскар Маткабыл уулу Салымбеков. – Бишкек, 2006. – 480 б. – ISBN 9967-23-866-6.
- Мамбеталиев, Сулайман. Баян: Тарыхый-адабий жыйнак / Жыйнакты түзгөн жана баш редактору Гүлмира Мамбеталиева. Китепти каржылаган Аскар Мааткабыл уулу Салымбеков – Бишкек, 2008. – 282 бет, сүрөттөр. – ISBN 978-9967-25-256-1.
- Нарын облусу: Энциклопедия / Башкы редактору А.Карыпкулов; Ред. Кеңештин төрагасы академик Үсөн Асанов. – Бишкек: Кыргыз Энциклопедиясынын Башкы редакциясы, 1998. – 420 бет, илл. - ISBN 5-89750-100-9.
- Асанов Ү. "Нарын облусуна 70 жыл". Энциклопедия. - Бишкек, 2009.