Мазмұнға өту

Қандауыршалар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ланцетниктер (Branchіostoma) — хордалы жануарлардың бассүйексіздер тип тармағының бір тұқымдасы.

Денесі (ұзындығы 8 см-ге дейін) мөлдір, ланцет пішінді болып келеді. Қоңыржай аймақтар мен жылы теңіздерде (тереңдігі 10 — 30 м) тіршілік ететін 30-ға жуық түрі белгілі (ең негізгі түрі — В.lanceolatum). 1774 ж. Ланцетникке алғаш рет ғылыми сипаттама берген П.С. Паллас. Ол бұл жануарды моллюска (Lіmax lanceolatus) деп есептеген. Кейін А.О.Ковалевский Ланцетниктерді хордалы жануарлар мен қабықтылардың ортасындағы аралық жануарлар деп дәлелдеп берді.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Branchiostomidae