Қалуен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қалуен
Sonchus oleraceus
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Asterales
Тұқымдасы: Asteraceae
Кіші тұқымдасы: Cichorioideae
Тайпасы: Cichorieae
Кіші тайпасы: Hyoseridinae
Тегі: Sonchus
Карл Линней
түрлері

130 түрі белгілі

Қалуен (лат. Sonchus) – астралылар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Таралуы және өсетін жері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еуразия мен Африкада кездесетін 70-ке жуық түрі белгілі. Қазақстанда шалғында, өзен-көл жағалауында, бұта арасында, жол жиегінде, арамшөп ретінде егістікте, бау-бақшада өсетін 4 түрі бар. Жаздық және отамалы дақылдар егісінде тараған зиянды түрі – егістік Қалуен (Sonchus arvensіs). Оның ұзындығы 10 – 160 см-ге жететін атпалы тамыры бар, көп жылдық өсімдік. Қазақстанда Тобыл, Есіл өзендері, Каспий маңында, Қызылорда, Бетпақдала, Балқаш-Алакөл ойысында, Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауында, Батыс Тянь-Шаньда өседі.

Ботаникалық сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бау-бақша Қалуені
  • Сабағы тік, жапырағы жалпақ, қауырсын немесе қандауыр пішінді, гүлі көбіне сары, гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді.
  • Гүлдері сары түсті, 5 – 10 себеті топталып қалқанша немесе қалқаншалы сыпыртқы гүлшоғырына жинақталған.
  • Маусым – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді.
  • Жемісі – ұзынша келген, қоңыр түсті тұқымша. Оның жіңішке, ақ немесе сұр түсті түктерден құралған айдаршасы болады.

Егіс Қалуені арамшөп болғанымен шірнелі өсімдік. Шошқа, үй қояны жақсы жейді. Бау-бақша Қалуенінің (Sonchus oleraceus) жапырағы көгілдір. Жапырағы мен жас бұтағын барлық мал, ал бұдырлы Қалуенді жылқы, түйе жейді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім