Мазмұнға өту

Қалжыр

Координаттар: 47°59′58″N 85°10′55″E / 47.99944°N 85.18194°E / 47.99944; 85.18194
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қылжыр өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 122 км
Су алабының
ауданы
3200 км²
Су алабы ЕртісОбьКара теңізі
Су ағысы
Бастауы Марқакөл көлі
 • Координаттары 48°41′45″N 85°31′31″E / 48.69583°N 85.52528°E / 48.69583; 85.52528 (T)
Сағасы Қара Ертіс өзені
 • Орналасқан жері Боран ауылының тұсы
 • Координаттары 47°59′58″N 85°10′55″E / 47.99944°N 85.18194°E / 47.99944; 85.18194 (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы

Қалжыр – Қара Ертіс алабындағы өзен.

Cөз төркіні

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тілші ғалым Еркебай Қойшыбаев: "Қалжыр - түркі тайпаларының көне және қазіргі ру-тайпа аттары" деген дерек келтіреді.[1] Түркітанушы ғалым А.С.Аманжолов: "Алтай тілінде қалжыр "асау, долы, буырқанған" мағынасын беретінін айтады.[2] Шындығында Марқакөлден ағып шығатын бұл жалғыз өзеннің бұралаңдап, қисық ағуы, орта тұсынан 90 градусқа жуық бұрылып алып, оңтүстікке қарай бет алатыны атауына себеп болған. Атап айтқанда моңғол тілінде галжир "қисық", "қыңыр" сөзі Қалжыр гидронимін туғызады.[3]

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында. Ұзындығы 122 км, су жиналатын алабы 3200 км2. Бастауын 1500 м биіктікте

Марқакөл көлінен алып, Боран ауылының тұсында Қара Ертіс өзеніне құяды. Қалжырдың 38 саласы бар. Бастылары: Ақкеткен, Шұқырқалжыр, Қараағаш, Балақалжыр, т.б.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аңғарының басым бөлігі тар, шатқалды. Жаңаауыл ауылынан төменде аңғары 10 – 13 км-ге кеңейеді. Жылдық орташа су ағымы 21,5 м3/с. Суы егін суғаруға пайдаланылады. Төменгі ағысының алабы жайылымдыққа пайдаланылады.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Еркебай Қойшыбаев Қазақстанның жер-су аттары сөздігі — Алматы: "Мектеп", 1985. — 256 б. — 3600 таралым.
  2. А.С.Аманжолов Түркі филологиясы және жазу тарихы — Алматы: "Санат", 1996. — 186 б.
  3. Бердібек Бияров Жер-су аттарының сөзжасамдық үлгілері — Алматы: "Мемлекеттік тілді дамыту институты", 2012. — 460 б. — 1000 таралым. — ISBN 978-601-7206-35-2.
  4. Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім