Қалбатау
Ауыл | |
Қалбатау | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | |
Құрылған уақыты |
1893 |
Бұрынғы атаулары |
Георгиевка |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
10 701[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
18 |
Қалбатау шекарасы
|
Қалбатау (2007 жылдың 8 қарашасына дейін – Георгиевка)[2] — Абай облысы Жарма ауданындағы ауыл, аудан және Қалбатау ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Облыс орталығы - Семей қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 152 км-дей, Шар өзенінен батысқа қарай 5 км, Жаңғызтөбе темір жол стансасынан 35 км жерде орналасқан.
1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
11986 | ▼ 10214 | ▲ 10753 | 105,3 | 4939 | ▲ 5396 | 109,3 | 5275 | ▲ 5357 | 101,6 |
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Іргесін 1893 жылы Украинаның Таврия губерниясынан қоныс аударған шаруалар қалады. 1928 жылдан аудан орталығына, 1937 жылдан мал азығын өндіру, бордақылау жөніндегі “Георгиевский” кеңшарының, 1951 жылдан бастап “Рассвет” сүт өндіру ұжымшарының орталығына айналды. Мұнда Жарма ауданы асыл тұқымды мал стансасы мен базасы, орман шаруашылығының кәсіпорны орналасқан. Олардың негізінде шаруа (фермер) қожалықтары мен өндірістік кооперативтер құрылды. Қалбатауда машина-трактор жөндеу шеберханасы, нан зауыты жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мектептер, ауданы аурухана, мәдениет үйі, т.б. мекемелер бар. Ауыл арқылы республикалық маңызы бар Семей—Зайсан және Алматы — Өскемен автомобиль жолы өтеді. Ауылдың оңтүстік-шығысында 12 км жердегі Арасан көлінің шипалы суы мен балшығы тері ауруларын емдеуге пайдаланылады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Шығыс Қазақстан облысы Жарма, Үржар, Бесқарағай, Ұлан аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылыстарына өзгерістер енгізу туралы
- ↑ 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
|