Қазақстан қорықтарының тізімі
Көрініс
Мемлекеттiк табиғи қорық — табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.
Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га.
Қорықтар тізімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кестеде қорықтар құрылған уақытына сәйкес келтірілген.
# | Сурет | Атауы | Құрылған жылы | Көлемі, га | Орналасқан жерi |
---|---|---|---|---|---|
1 | Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы | 1926 | 131 934 | Түркістан облысы және Жамбыл облысы | |
2 | Алматы мемлекеттiк табиғи қорығы | 1931 | 71 700 | Алматы облысы | |
3 | Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы | 1931 | 191 381 | Қостанай облысы | |
4 | Барсакелмес мемлекеттiк табиғи қорығы | 1939 | 160 826 | Қызылорда облысы | |
5 | Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы | 1968 | 543 171 | Ақмола облысы және Қарағанды облысы | |
6 | Марқакөл мемлекеттiк табиғи қорығы | 1976 | 102 979 | Шығыс Қазақстан облысы | |
7 | Үстірт мемлекеттiк табиғи қорығы | 1984 | 223 342 | Маңғыстау облысы | |
8 | Батыс Алтай мемлекеттiк табиғи қорығы | 1992 | 86 122 | Шығыс Қазақстан облысы | |
9 | Алакөл мемлекеттiк табиғи қорығы | 1998 | 65 217,9 | Жетісу облысы және Абай облысы | |
10 | Қаратау мемлекеттiк табиғи қорығы | 2004 | 34 300 | Түркістан облысы |
Қорықтар орналасуы картасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы Мұрағатталған 7 маусымның 2008 жылы.