Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы
Қазақстан республикасының минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы – Қазақстан мен Орталық Азияның минералдық және техногендік шикізатты өндіру, байыту және металлургиялық ұқсату саласындағы аса ірі ғылыми-өндірістік мемлекеттік кәсіпорын.
Құрамында 4 еншілес кәсіпорын бар, олар:
- Д.Әбішев атындағы химия-металлургия институты,
- Д.Қонаев атындағы Кен ісі институты,
- “Казмеханобр” өнеркәсіптік экология мемлекеттік ғылым-өндірістік бірлестігі, түсті металдар Шығыс ғылыми-зертхана институты,
- “Казчерметавтоматика” АҚ, сондай-ақ оның Астана қаласында бөлімшесі, 12 зертхана жұмыс істейді.
Ұлттық орталығы іргелі және қолданбалы зерттеулермен, технология үдерістердің, жабдықтың жаңа буынын, автоматтандырылған басқару жүйесі үшін приборлар әзірлеумен, жобалау жұмыстарымен, инновация жобаларды әзірлеп, іске асырумен айналысады. Ұлттық орталығы – технологияларды әзірлеуші, әлемдік нарыққа ферросиликоалюминий, осмий-187 тұрақты изотопын жеткізеді. Ресейдегі, Қытайдағы, Канададағы, Боливиядағы, т.б. елдердегі кәсіпорындар Ұлттық орталықтың әзірленімі бойынша жұмыс істейді. Соңғы 5 жылда Ұлттық орталықтың 23 қызметкеріне ғылым, техника және білім саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығынын берілген.[1]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- http://www.amm.kz/kz
- http://goszakup.gov.kz/app/index.php/ru/subjectreestr/reestr/show/101855 Мұрағатталған 8 наурыздың 2012 жылы.
- http://kzs.808.kz/?p=3599
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп а��ыстыру қажет. |