Мазмұнға өту

Қазақстанның алтыннан жасалған естелік шақалары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Естелік алтын шақаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған шақа шығарылған 2000 жылдан бастап шығара бастады. Шақаларды жасау үшін 999 сынама алтын пайдаланылады, олардың барлығы Қазақстан теңге сарайында proof сапасымен соғылады.

Шақалар «Жануарлар», «Әлемнің әйгілі мешіттері», «Шығыс күнтізбесі», «Банкноттағы кейіптер» жергілікті бағдарламалары, сондай-ақ «Әлемнің ең кішкентай шақалары» халықаралық шақа бағдарламасы аясында шығарылған. Кейбір естелік шақалар кез келген топтамадан тыс шығарылды.

Кейбір шақалар — «Жануарлар» топтамасы және «2010 Олимпиада ойындары. Биатлон» шақасы диаметрі 1 мм-ге дейінгі гауһар тастармен көмкерілген.

Алтын шақалар 50, 100, 500, 1000, 50 000 және 100 000 теңге белгіленген бағада шығарылады және Қазақстанда заңды төлем құралы болып табылады, алайда олардың нарықтық құны әлдеқайда жоғары болғандықтан, олар төлем құралы ретінде пайдаланылмайды.

Статистикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 54 естелік алтын шақа шығарылды.

Жылдар[1] мен атаулы құны бойынша шақалар шығарылымдарының жиынтық кестесі
2000 2001 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 Барлығы
50 теңге 2 2
100 теңге 4 1 3 1 9
500 теңге 1 1 2 2 4 3 6 4 3 2 2 2 2 1 2 37
1000 теңге 1 1
50 000 теңге 1 1 1 1 4
100 000 теңге 1 1
Барлығы 1 1 4 1 3 2 1 9 5 7 4 4 2 2 2 2 1 3 +

«Әлемнің ең кішкентай шақалары» топтамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Топтамадағы шақалар 2004-2009 жылдары шығарылды[2].

2004
Мидас патшаның алтыны
Бет жағы: Қазақстанның елтаңбасы, мемлекеттің атауы ағылш. REPUBLIC OF KAZAKHSTAN, белгіленген бағасы, шығарылған жылы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: қолында тостағаны бар шынтақтап жатқан Мидас патша, астында тағам толы ыдыс-аяқтар орналасқан, гүлді өрнек, шақаның ағылш. GOLD OF KING MIDAS атауы.
Қыры бұжыр.
Белгіленген бағасы: 100 теңге. Салмағы: 1,24 г. Диаметрі: 13,92 мм. Таралымы: 5000 дана.[3]
2004
Крез патшаның қазынасы
Бет жағы: Қазақстанның елтаңбасы, мемлекеттің атауы ағылш. REPUBLIC OF KAZAKHSTAN, белгіленген бағасы, шығарылған жылы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: көне шақалар мен ежелгі грек ғибадатханасының аясында Крез патшаның бейіні, геометриялық өрнек, шақаның ағылш. KING KROISOS TREASURE атауы.
Қыры бұжыр.
Белгіленген бағасы: 100 теңге. Салмағы: 1,24 г. Диаметрі: 13,92 мм. Таралымы: 5000 дана.[4]
2004
Марко Поло
Бет жағы: Қазақстанның елтаңбасы, мемлекеттің атауы ағылш. REPUBLIC OF KAZAKHSTAN, белгіленген бағасы, шығарылған жылы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: түйелер керуені мен кеме аясындағы саяхатшының кейіпі, есімі ағылш. MARCO POLO және өмір сүрген жылдары (1254—1324).
Қыры бұжыр.
Белгіленген бағасы: 100 теңге. Салмағы: 1,24 г. Диаметрі: 13,92 мм. Таралымы: 20 000 дана.[5]
2004
Ежелгі Түркістан
Бет жағы: Қазақстанның елтаңбасы, мемлекеттің атауы ағылш. REPUBLIC OF KAZAKHSTAN, белгіленген бағасы, шығарылған жылы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аясындағы түйе керуені, шақаның ағылш. ANCIENT TURKESTAN атауы.
Қыры бұжыр.
Белгіленген бағасы: 100 теңге. Салмағы: 1,24 г. Диаметрі: 13,92 мм. Таралымы: 15 000 дана.[6]
2006
Бүркітбасты гриф
Бет жағы: Қазақстанның елтаңбасы, мемлекеттің атауы ағылш. REPUBLIC OF KAZAKHSTAN, белгіленген бағасы, шығарылған жылы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: Берел қорғанын қазу кезінде табылған бұйымның суреті, ұлттық ою-өрнек, шақаның ағылш. EAGLE-HEADED GRIFFIN атауы.
Қыры бұжыр.
Белгіленген бағасы: 100 теңге. Салмағы: 1,24 г. Диаметрі: 13,92 мм. Таралымы: 18 000 дана.
2009
Жалаулы көмбесі
Бет жағы: ұлттық ою-өрнек, эмитент-банктің атауы қаз. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ, белгіленген бағасы, металл сынамасы. Арт жағы: бұйымның бұғы, шиыршық түріндегі бейнесі, шақаның ағылш. ZHALAULINSKIY TREASURE атауы, шығарылған жылы.
Қыры бұжыр.
Белгіленген бағасы: 50 теңге. Салмағы: 0,5 г. Диаметрі: 11 мм[7]. Таралымы: 14 000 дана.
2009
Жалаулы көмбесі
Бет жағы: ұлттық ою-өрн��к, эмитент-банктің атауы қаз. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ, белгіленген бағасы, металлдың сынамасы. Арт жағы: бұйымның бұғы, шиыршық түріндегі бейнесі, шақаның ағылш. ZHALAULINSKIY TREASURE атауы, шығарылған жылы.
Қыры бұжыр.
Белгіленген бағасы: 100 теңге. Салмағы: 1,24 г. Диаметрі: 13,92 мм[8]. Таралымы: 9500 дана.
2009
Жыртқыш мысықтың басы
Бет жағы: ұлттық ою-өрнек, эмитент-банктің атауы қаз. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ, белгіленген бағасы, металлдың сынамасы.
Арт жағы: алтын айылбастың суреті, шақаның ағылш. CAT PREDATOR HEAD атауы, шығарылған жылы.
Қыры бұжыр.
Белгіленген бағасы: 50 теңге. Салмағы: 0,5 г. Диаметрі: 11 мм[9]. Таралымы: 14 000 дана.
2009
Жыртқыш мысықтың басы
Бет жағы: ұлттық ою-өрнек, эмитент-банктің атауы қаз. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ, белгіленген бағасы, металлдың сынамасы.
Арт жағы: алтын айылбастың суреті, шақаның ағылш. CAT PREDATOR HEAD атауы, шығарылған жылы.
Қыры бұжыр.
Белгіленген бағасы: 100 теңге. Салмағы: 1,24 г. Диаметрі: 13,92 мм[10]. Таралымы: 9500 дана.

«Жануарлар» топтамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Топтамада белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 7,78 г, диаметрі 25 мм шақалар 2005-2012 жылдары шығарылды[11].

Бет жағы: Қазақстанның елтаңбасы, мемлекеттің атауы ағылш. REPUBLIС OF KAZAKHSTAN, белгіленген бағасы, шығарылған жылы, металдың салмағы мен сынамасы.

Арт жағы: жануардың бейнесі және оның латын немесе ағылшын тіліндегі аты. Жануар көзінің орнына диаметрі 1 мм-ге дейін жететін гауһар тастар салынған.

Қыры бұжыр.

2005 Қызыл қасқыр
лат. Cuon alpinus
Таралымы: 4000 дана.
2009 Барыс
лат. Uncia uncia
Таралымы: 5000 дана.
2007 Сілеусін
лат. Felis lynx[12]
Таралымы: 5000 дана.
2011 Үкі
ағылш. Eagle owl
Таралымы: 5000 дана.

«Әлемге әйгілі мешіттер» топтамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Топтамада белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 3,11 г, диаметрі 16 мм шақалар 2006-2013 жылдары шығарылды[13]. Дәл осындай әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік 4 күміс шақа шығарылды.

Бет жағы: мешіттегі кіреберісті білдіретін дарбаза мен бұралымның стильдендірілген бейнесі, эмитент-банктің ағылш. NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN (2006 жылғы шақаларда) немесе қаз. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ (қалғандары) және оның логотипі, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, шығарылған жылы, металлдың сынамасы.

Арт жағы: мешіттің көрінісі, қасиетті орын мен орналасқан қаланың атауы («Заһир мешіті» және «Байтұррахман Рая мешіті» шақаларынан басқа), ағылшын тілінде.

Қыры бұжыр.

2006 Әл-Мәсжид әл-Харам
(Мекке, Сауд Арабиясы)
Таралымы: 4000 дана.
2011 Сұлтан Омар Әли Сайфуддин мешіті
(Бандар-Сери-Бегаван, Бруней)
Таралымы: 3000 дана.
2006 Мәсжид-үн-Нәби
(Медине, Сауд Арабиясы)
Таралымы: 4000 дана.
2011 Тәдж-ул-Мәсжид
(Бхопал, Үндістан)
Таралымы: 3000 дана.
2010 Жартастағы Күмбез
(Иерусалим, Израиль)
Таралымы: 3000 дана.
2012 Заһир мешіті
(Алор-Сетар, Малайзия)
Таралымы: 3000 дана.
2010 Қағба
(Мекке, Сауд Арабиясы)
Таралымы: 3000 дана.
2012 Фейсал мешіті
(Исламабад, Пәкістан)
Таралымы: 3000 дана.
2010 Сұлтан Хуссейн мешіті
(Сингапур)
Таралымы: 3000 дана.
2013 Байтұррахман Рая мешіті
(Банда-Ачех, Индонезия)
Таралымы: 3000 дана.
2011 Мұхаммед Әли мешіті
(Каир, Мысыр)
Таралымы: 3000 дана.

«Шығыс күнтізбесі» топтамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2011 жылдан бастап топтамада белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 7,78 г және сырттай сызылған диаметрі 21,78 мм, 12 қырлы пішінді шақалар шығарылды[14]. Дәл осындай әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік күміс шақалар шығарылды.

Бет жағы: жұлдыздардың аясындағы зодиак белгілерінің таңбалары, мемлекеттің қаз. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ және ағылш. REPUBLIС OF KAZAKHSTAN атауы, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы, Күннің стильдендірілген бейнесі.

Арт жағы: жануардың ірі бейнесі — ағымдағы жылдың таңбасы, басқа жануарлардың суреттерімен қоршалған, орыс тіліндегі Шығыс күнтізбесі, қаз. ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ, ағылш. ORIENTAL CALENDAR және орыс. ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ жазбалары, шақаның шығарылған жылы мен теңге сарайының белгісі.

Қыры бұжыр.

2011 Қоян жылы
Таралымы: 3000 дана.
2015 Қой жылы
Таралымы: 1000 дана.
2012 Айдаһар жылы
Таралымы: 3000 дана.
2016 Мешін жылы
Таралымы: 1000 дана.
2013 Жылан жылы
Таралымы: 3000 дана.
2017 Тауық жылы
Таралымы: 1000 дана.
2014 Жылқы жылы
Таралымы: 3000 дана.
2018 Ит жылы
Таралымы: 200 дана.
2019 Шошқа жылы
Таралымы: 200 дана.
2020 Тышқан жылы
Таралымы: 300 дана.

«Банкноттағы кейіптер» топтамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2011 жылдан бастап топтамада салмағы 7,78 г, диаметрі 21,78 мм, белгіленген бағасы 500 теңге шақалар шығарылады[15]. Осы әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік күміс шақалар мен белгіленген бағасы 50 теңгелік мыс-никель шақалар шығарылады.

Бет жағы: Қазақстан елтаңбасы, ұлттық ою-өрнек, ҚРҰБ логотипі, мемлекеттің қаз. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ және орыс. РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН атауы.

Арт жағы: қайраткердің кейіпі бар 1993 жылғы банкноттың үзіндісі, есімі, ұлттық ою-өрнек, металдың салмағы мен сынамасы, шақаның шығарылған жылы.

Қыры бұжыр.

2011 Әл-Фараби
Таралымы: 4000 дана.
2015 Абай Құнанбайұлы
Таралымы: 4000 дана.
2012 Сүйінбай Аронұлы
Таралымы: 4000 дана.
2016 Әбілқайыр хан
Таралымы: 1000 дана.
2013 Құрманғазы Сағырбайұлы
Таралымы: 4000 дана.
2017 Абылай хан
Таралымы: 200 дана.
2014 Шоқан Уәлиханов
Таралымы: 1000 дана.

Басқа алтын шақалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
2000
Түркістанға 1500 жыл
Бет жағы: белгіленген бағасы, эмитент-банктің қаз. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ атауы мен логотипі, ұлттық ою-өрнек, теңге сарайының белгісі, шығарылған жылы, металлдың сынамасы.
Арт жағы: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, қаз. КОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСI атауы мен қаз. 1500 ЖЫЛ ТҮРКІСТАН жазуы. Қыры бұжыр.
Белгіленген бағасы: 500 теңге. Салмағы: 7,78 г. Диаметрі: 21,87 мм. Жуандығы: 1,6 мм. Таралымы: 1000 дана.[16]
2001
Есік Алтын адамы
Бет жағы: мемлекеттің қаз. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ және ағылш. REPUBLIC OF KAZAKHSTAN атауы, мүйізді қанатты аттар түріндегі Есік көсемінің бас киімі элементі, ұлттық ою-өрнек, белгіленген бағасы, шығарылған жылы.
Арт жағы: Есік көсемінің толық бойы бейнесі және киімінің жекелеген элементтері, қаз. АЛТЫН АДАМ және ағылш. GOLDEN MAN жазуы, теңге сарайының белгісі, металлдың сынамасы. Қыры бұжыр.
Белгіленген бағасы: 1000 теңге. Салмағы: 7,78 г. Диаметрі: 21,87 мм. Жуандығы: 1,6 мм. Таралымы: 2000 дана.[16]
2007
2008 жылғы Олимпиада ойындары. Биіктікке секіру
Бет жағы: стадионның стильдендірілген бейнесі аясындағы Қазақстан елтаңбасы, мемлекеттің ағылш. REPUBLIС OF KAZAKHSTAN атауы, белгіленген бағасы, ҚРҰБ логотипі, металдың салмағы мен сынамасы, шақаның соғылған жылы.
Арт жағы: секіріп тұрған спортшы, «2008 жылғы Олимпиада ойындары» жазуы ағылш. OLYMPIC GAMES 2008 жазылған.
Қыры бұжыр.
Белгіленген бағасы: 500 теңге[17]. Салмағы: 7,78 г. Диаметрі: 25 мм. Таралымы: 5000 дана.[16][18]
2008
Теңгеге 15 жыл
Бет жағы: 8 бұрышты жұлдыздың аясындағы Қазақстан елтаңбасы, эмитент-банктің қаз. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ атауы, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: теңге таңбалары ою-өрнегінің аясында – үлкен теңге белгісі, «Түркі шабандозы», «Регель қызғалдағы» және «Ғарыш» естелік шақаларының және 2006 жылғы үлгідегі 10 000 теңгелік банкноттардың бейнелері; қаз. ТЕҢГЕГЕ 15 ЖЫЛ жазуы, шығарылған жылы. Қыры бұжыр.
Белгіленген бағасы: 50 000 теңге[19]. Салмағы: 1000 г. Диаметрі: 100 мм. Таралымы: 100 дана.[20]
2009
2010 жылғы Олимпиада ойындары. Биатлон
Бет жағы: стадионның стильдендірілген бейнесі аясындағы Қазақстан елтаңбасы, мемлекеттің ағылш. REPUBLIС OF KAZAKHSTAN атауы, белгіленген бағасы, ҚРҰБ логотипі, металдың салмағы мен сынамасы, шақаның соғылған жылы.
Арт жағы: биатлон көрінісі, бес нысананың суреті, оның үшеуінің орнына әрқайсысының диаметрі 1 мм-ге дейінгі 3 гауһар тастың ендірмелері бар, «2010 жылғы Олимпиада ойындары» жазуы ағылш. OLYMPIC GAMES 2010 жазылған. Қыры бұжыр.
Белгіленген бағасы: 500 теңге. Салмағы: 7,78 г. Диаметрі: 25 мм. Таралымы: 5000 дана.[16]
2009
Жолбарыс
Бет жағы: Қазақстан елтаңбасы, эмитент-банктің қаз. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ атауы, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: жолбарыстың суреті, жануардың қаз. ЖОЛБАРЫС және ағылш. TIGER атауы, теңге сарайының белгісі, шақаның шығарылған жылы.
Қыры бұжыр.
Белгіленген бағасы: 500 теңге. Салмағы: 7,78 г. Диаметрі: 21,87 мм. Таралымы: 3000 дана.[16]
2009
Барыс
Бет жағы: ұлттық ою-өрнек аясындағы Қазақстан елтаңбасы, эмитент-банктің қаз. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ атауы, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі.
Арт жағы: тау аясындағы барыс жұбы, жануардың қаз. БАРЫС және лат. UNCIA UNCIA атауы, шақа соғылған жылы.
Қыры бұжыр.
Белгіленген бағасы: 100 теңге[21]. Салмағы: 1,24 г. Диаметрі: 13,92 мм. Таралымы: 9500 дана.[16]
2009
Барыс
Бет жағы: ұлттық ою-өрнек аясындағы Қазақстан елтаңбасы, эмитент-банктің қаз. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ атауы, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі.
Арт жағы: тау аясындағы барыс жұбы, жануардың қаз. БАРЫС және лат. UNCIA UNCIA атауы, шақа соғылған жылы.
Қыры бұжыр.
Белгіленген бағасы: 500 теңге. Салмағы: 31,1 г. Диаметрі: 32 мм. Таралымы: 1500 дана.[16]
2010
7-Қысқы Азия ойындары
Бет жағы: Тянь-Шань шыршасы мен шаңғы жолының суреті, мемлекеттің қаз. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ және ағылш. REPUBLIC OF KAZAKHSTAN атауы, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы, шығарылған жылы. Арт жағы: мұздың стильдендірілген кескіні аясындағы ойындар логотипі, қысқы спорт түрлерінің идеограммалары, ойындардың қаз. 7ші ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ және ағылш. 7th ASIAN WINTER GAMES атауы. Қыры бұжыр.
Белгіленген бағасы: 100 теңге[22]. Салмағы: 1,24 г. Диаметрі: 13,92 мм. Таралымы: 8000 дана.[23]
2010
7-Қысқы Азия ойындары
Бет жағы: қар бүршіктерімен қоршалған «Күн құдайы» петроглифінің суреті, шаңғы жолының стильдендірілген бейнесі, мемлекеттің қаз. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ және ағылш. REPUBLIC OF KAZAKHSTAN атауы, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы, шығарылған жылы. Арт жағы: мұздың стильдендірілген кескіні аясындағы ойындар логотипі, қысқы спорт түрлерінің идеограммалары, ойындардың қаз. 7ші ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ және ағылш. 7th ASIAN WINTER GAMES атауы. Қыры бұжыр. Белгіленген бағасы: 50 000 теңге[22]. Салмағы: 1000 г. Диаметрі: 100 мм. Таралымы: 145 дана.[23]
2011
Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл
Бет жағы: мемлекеттің елтаңбасы, қанатты барыс бейнесі бар Қазақстан картасы, эмитент-банктің қаз. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ атауы, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы. Арт жағы: стильдендірілген сағат циферблатының аясында — Астана мен Алматының көрікті жерлерінің коллажы, қаз. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНҒА 20 ЖЫЛ жазуы, шығарылған жылы. Қыры бұжыр.
Белгіленген бағасы: 50 000 теңге. Салмағы: 1000 г. Диаметрі: 100 мм. Таралымы: 100 дана.[24]
2013
Теңгеге 20 жыл
Бет жағы: эмитент-банктің қаз. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ атауы, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы, ұлттық ою-өрнек. Арт жағы: ұлттық валютаның әртүрлі банкноттары бейнесімен қоршалған Қазақстан елтаңбасы, теңге таңбаларының ою-өрнегі, қаз. ТЕҢГЕГЕ 20 ЖЫЛ жазуы, шығарылған жылы.
Қыры бұжыр.
Белгіленген бағасы: 100 000 теңге[25]. Салмағы: 2000 г. Диаметрі: 100 мм. Таралымы: 60 дана.[20]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. шақаларда көрсетілген
  2. Памятные монеты из золота — Самые маленькие монеты мира  (орыс.). Национальный Банк Республики Казахстан.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қаңтар 2016.
  3. Царь Мидас  (орыс.). ehobbex.com.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қаңтар 2016.
  4. Царь Крес  (орыс.). ehobbex.com.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қаңтар 2016.
  5. Марко Поло  (орыс.). ehobbex.com.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қаңтар 2016.
  6. Древний Туркестан  (орыс.). ehobbex.com.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қаңтар 2016.
  7. Жалаулинский клад  (орыс.). ehobbex.com.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қаңтар 2016.
  8. Жалаулинский клад  (орыс.). ehobbex.com.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қаңтар 2016.
  9. Кошачий хищник с оленями  (орыс.). ehobbex.com.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қаңтар 2016.
  10. Кошачий хищник с оленями  (орыс.). ehobbex.com.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қаңтар 2016.
  11. Памятные монеты из золота — Животные  (орыс.). Национальный Банк Республики Казахстан.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 5 қаңтар 2016.
  12. Атауы ескірген, қазір лат. Lynx lynx деп аталады
  13. Памятные монеты из золота — Знаменитые мечети мира  (орыс.). Национальный Банк Республики Казахстан.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 5 қаңтар 2016.
  14. Памятные монеты из золота — Восточный календарь  (орыс.). Национальный Банк Республики Казахстан.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 5 қаңтар 2016.
  15. Памятные монеты из золота — Портреты на банкнотах  (орыс.). Национальный Банк Республики Казахстан.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 5 қаңтар 2016.
  16. a b c d e f g Памятные монеты из золота — Разные золотые монеты  (орыс.). Национальный Банк Республики Казахстан.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қаңтар 2016.
  17. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 100 теңгелік күміс шақалар шығарылады.
  18. Олимпийские игры 2008  (орыс.). ehobbex.com.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қаңтар 2016.
  19. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік күміс шақа шығарылады.
  20. a b Монеты, посвященные юбилейным датам национальной валюты  (орыс.). Национальный Банк Республики Казахстан.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қаңтар 2016.
  21. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 100 және 5000 теңгелік күміс шақалар шығарылды.
  22. a b Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 500 және 5000 теңгелік күміс шақалар шығарылды.
  23. a b Монеты, посвященные 7-м зимним Азиатским играм 2011 года  (орыс.). Национальный Банк Республики Казахстан.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қаңтар 2016.
  24. Монеты, посвященные Независимости Республики Казахстан  (орыс.). Национальный Банк Республики Казахстан.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қаңтар 2016.
  25. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 500 және 5000 теңгелік күміс шақалар және белгіленген бағасы 50 теңгелік мыс-никель шақасы шығарылды.