Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА) | |
Халықаралық атауы |
ағылш. National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan under the President of the Republic of Kazakhstan |
---|---|
Бұрынғы атауы |
Қазақ КСР Ғылым академиясы (1946-1991) |
Құрылған жылы | |
Қайта ұйымдастырылған жылы | |
Түрі |
Коммерциялық емес акционерлік қоғам (2022 жылдан бері)
|
Президенті | |
Академиктері |
146 |
Корреспондент-мүшелері |
74 |
Орналасқан жері | |
Заңды мекенжайы |
050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28 |
Сайты |
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы — Қазақстан Республикасындағы жоғары ғылыми ұйым, ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестірушісі. Іргесі 1946 жылы 1 маусымда қаланған. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1946 жылғы 31 мамырда КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1945 жылғы 26 қазандағы қаулысына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі және Қазақстан КП(б) ОК «Қазақ КСР Ғылым академиясын құру туралы» №439 қаулы қабылдады. Осы қаулымен Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылған күні – 1946 жылғы 1 маусым.
КСРО Ғылым Академиясының және ҚазКСР Ғылым Академиясының академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Ғылым Академиясының тұңғыш президенті болып сайланды.
ҚР Президентінің 1993 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығымен[1] Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы құрылды.[2]
1996 жылғы 11 наурызда «Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №2895 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы және Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамында Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі – Ғылым академиясы етіп орталық атқарушы органға біріктірілді.
1999 жылғы 12 ақпанда «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №34 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы республикалық мемлекеттік мекеме түрінде құрылды.
ҚР Президентінің 2003 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен [3] "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігі құрылды.[4]
2022 жылы Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2022 жылғы 1 маусымда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1003 қаулысымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.
2023 жылғы 27 наурызда «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №152 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 281 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Коммерциялық емес акционерлік қоғамды қайта атау туралы» қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына айналды.[5]
Қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;
- Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңеске уәкілетті орган ұсынған ғылым мен технологияларды дамытудың стратегиялық басым бағыттарына талдау жүргізеді;
- бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларға сараптама жүргізеді;
- ғылымды дамыту бойынша форсайттық (болжамдық) зерттеулерді дайындауды және жүргізуді үйлестіру;
- ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу;
- ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу;
- ғылыми журналдар шығару;
- халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу;
- ғылымды танымал етуге қатысу[6]
Академия президенттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Сайланған жылы | Аты-жөні | Мамандануы |
---|---|---|---|
1 | 1946 | Қаныш Сәтбаев | тау-кен ісі |
2 | 1952 | Дінмұхамед Қонаев | металлургия |
3 | 1955 | Қаныш Сәтбаев | тау-кен ісі |
4 | 1964 | Шапық Шөкин | энергетика |
5 | 1967 | Шахмардан Есенов | геология |
6 | 1974 | Асқар Қонаев | металлургия |
7 | 1986 | Мұрат Айтхожин | биология |
8 | 1988 | Өмірзақ Сұлтанғазин | математика |
9 | 1994 | Кенжеғали Сағадиев | экономика |
10 | 1996 | Владимир Школьник | ядролық физика |
11 | 1999 | Нағима Айтхожина | биология |
12 | 2002 | Серікбек Дәукеев | геология |
13 | 2003 | Мұрат Жұрынов | химия |
14 | 2023 | Күнсұлу Закария | биология |
15 | 2024 | Ақылбек Күрішбаев | ауыл шаруашылығы |
Академия ғимараты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ғылым академиясының ғимараты соғыстан кейінгі кезеңде Мәскеуде жобаланған. Эскиздік жобаны Мәскеудегі Ленин кесенесінің авторы, әйгілі сәулетші Алексей Щусев жасаған. Академия ғимараты 1951 жылдан 1957 жылға дейін салынды. Үйлестірулер мен дизайнды сәулетші Николай Простаков басқарды. 1980 жылы Ғылым академиясының ғимараты республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген.[7]
Ғимаратта Ұлттық ғылым академиясынан бөлек, бұрын академияның басқаруында болған, қазір Ғылым комитетінің меншігіндегі бірнеше мекеме жұмыс істейді:
- Ғылым ордасы
- Орталық ғылыми кітапхана
- Табиғат музейі
- Археология музейі
- Сирек кездесетін кітаптар музейі
- Қазақстан ғылымының тарихы музейі
- Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы
- А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты
- М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
- Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
- Философия, саясаттану және дінтану институты
- Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
- Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
- Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты
- Математика және математикалық модельдеу институты
- Экономика институты
- Ақпараттық және есептеу технологиялары институты
Басқару органдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2024 жылғы 1 шілдедегі №103-VIII Қазақстан Республикасының "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңына сәйкес Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары:
- жоғары орган – қамқоршылық кеңес;
- өкілді орган – Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің жалпы жиналысы;
- консультативтік-кеңесші орган – төралқа;
- атқарушы орган – басқарма.
Қамқоршылық кеңес
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кеңес төрағасын Қазақстан Үкіметі тағайындайды. Кеңес мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауға тиіс. Атқарушы органның мүшелері кеңеске сайлана алмайды. Кеңес отырысы жылына кемінде 1 рет өткізіледі.
Кеңестің айрықша құзыретіне мыналар жатады:
- Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспарын бекіту, Ұлттық ғылым академиясының оларды іске асыру барысы туралы есептерін қарау;
- ғылым және ғылыми-технологиялық саясат саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу;
- Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
- Ұлттық ғылым академиясының қызметін жүзеге асыру, Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары қабылдаған шешімдерді орындау мәселелері жөніндегі ақпаратты қарау, сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының қамқоршылық кеңесінің отырыстарында мәселелерді қараудың қорытындылары бойынша Ұлттық ғылым академиясының өзге де басқару органдарына арналған ұсынымдарды тұжырымдау;
- Ұлттық ғылым академиясы қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты қарау, осындай ақпаратты қараудың қорытындылары бойынша ұсынымдарды тұжырымдау.
Академиктердің жалпы жиналысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жиналыс Ұлттық ғылым академиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы жиналыс төрағасы болып табылады. Жиналысты төраға жарғыда белгіленген мерзімдерде шақырады. Жиналыс ұсынымдарын төралқа мен басқарма қарауға міндетті.
Жиналыстың айрықша құзыретіне мыналар жатады:
- өтпелі төралқа мүшелерін қоспағанда, Ұлттық ғылым академиясының академиктерін, Ұлттық ғылым академиясы төралқасының мүшелерін сайлау;
- құрметті атақтар мен наградалар беру;
- Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспары жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;
- Ұлттық ғылым академиясының ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет жобаларына қатысуы жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
- Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің ғылыми және ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін, Ұлттық ғылым академиясының құрылымдық бөлімшелері басшылары мен жекелеген ғалымдардың баяндамаларын тыңдау және талқылау;
- Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау.
Төралқа
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жиналыстың қызметін төралқа қамтамасыз етеді. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы төралқа төрағасы болып табылады. Төралқа жиналыс отырысында кемінде 3 жыл мерзімге сайланады және қызметін жиналыс атынан жүзеге асырады. Төралқа құрамына сайланған адамдар қатарынан 2 реттен артық қайта сайлана алмайды. Төралқа отырыстары тоқсанына кемінде 1 рет шақырылады.
Төралқаның айрықша құзыретіне мыналар жатады:
- Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау рәсімдерін ұйымдастыру;
- кеңес, жиналыс қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету;
- Ұлттық ғылым академиясының академигі бағдарламасының орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
- Ұлттық ғылым академиясы басылымдарының (журналдарының, монографияларының) жоспарын қарау және бекіту;
- Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің төсбелгілерін, ғылыми сыйлықтар, құрметті атақтар, наградалар (медальдар) және куәліктер бекітуге ұсынымдарды тұжырымдау;
- ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманың орындалуын үйлестіру.
Басқарма
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұлттық ғылым академиясының ағымдағы қызметіне басшылықты басқарма жүзеге асырады. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы басқарма төрағасы болып табылады. Басқарма кеңес, жиналыс және төралқа шешімдерінің негізінде және оларды орындау үшін әрекет етіп, оларға есеп береді.
Басқарманың айрықша құзыретіне мыналар жатады:
- Ұлттық ғылым академиясының ұйымдық құрылымы мен штат санын әзірлеу және кеңестің бекітуіне ұсыну;
- Ұлттық ғылым академиясының даму жоспарын және оның орындалуы туралы есептерді әзірлеу және кеңестің бекітуіне ұсыну;
- кеңестің, жиналыстың, төралқа шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру;
- Ұлттық ғылым академиясының ғылыми жетістіктері және қызметінің өзге де нәтижелері туралы басқарма есебін бекіту;
- Ұлттық ғылым академиясының филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және олардың қызметі туралы ережелерді бекіту.
Басқарма құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұлттық Ғылым академиясының Президентін Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
- Ақылбек Күрішбаев — ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор
- Асқар Жұмаділдаев — вице-президент, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
- Ләззат Ералиева — вице-президент, медицина ғылымдарының докторы, профессор
- Абай Серікқанов — вице-президент, физика-математика ғылымдарының кандидаты
- Дос Сарбасов — вице-президент, биология ғылымдары бойынша PhD[8]
Академиктер тізімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Жаңадан құрылған Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академиктері
- Ақшолақов Серік Қуандықұлы (2024)
- Біләлов Дархан Нұрланұлы (2024)
- Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы (2024)
- Здоровец Максим Владимирович (2024)
- Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы (2024)
- Локшин Вячеслав Нотанович (2024)
- Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы (2024)
- Сұраған Дөрбетхан (2024)
- Тұрысбеков Ерлан Кеңесбекұлы (2024)[9]
- "Ұлттық ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігінің академиктері
- Әбділдин Жабайхан Мүбәракұлы
- Әбділдина Раушан Жабайханқызы
- Әбсаметов Мәліс Құдысұлы
- Әбілқасымова Алма Есімбекқызы
- Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы
- Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы
- Әдекенов Серғазы Мыңжасарұлы
- Әділов Жексенбек Мәкейұлы
- Айтбаев Теміржан Ерқасұлы
- Ақшолақов Серік Қуандықұлы
- Әлиакпаров Мақаш Тыныштықбайұлы
- Әлиаров Бірлесбек Қаниұлы
- Алшынбаев Мырзакәрім Кәрімұлы
- Арзықұлов Жеткерген Әнесқызы
- Ахметова Гульнас Кенжетайқызы
- Әшімов Әбдіғаппар Әшімұлы
- Әшімов Оңдасын Байкенұлы
- Аяшев Оңалбай Аяшұлы
- Базарбаева Зейнеп Мүсілімқызы
- Баешов Әбдуәлі Баешұлы
- Байкөншеков Жұмаділ Жаңабайұлы
- Байзақов Сәбит Байзақұлы
- Баймаханов Болатбек Бимендіұлы
- Баймұратов Ораз Баймұратұлы
- Байтанаев Бауыржан Әбішұлы
- Бейсембетов Ескендір Қалыбекұлы
- Бейсенова Әлия Сәрсенқызы
- Бектұров Есен Әбікенұлы
- Бенберин Валерий Васильевич
- Берсімбай Рахметқажы Ескендірұлы
- Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы
- Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы
- Бишімбаев Уәлихан Қозыкеұлы
- Бишімбаева Нәзира Қозыкеқызы
- Білиев Назарбай Қыдырұлы
- Бүктіков Николай Сәдуақасұлы
- Бүркітбаев Мұхамбетқали Мырзабайұлы
- Ғазалиев Арыстан Мәуленұлы
- Голиков Владимир Андреевич
- Грибановский Анатолий Павлович
- Григорук Владимир Васильевич
- Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы
- Дәулетов Асқар Ербұланұлы
- Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы
- Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы
- Дүйсембин Қабдырахман Дүйсембіұлы
- Дүйсенбеков Зайролла Дүйсенбекұлы
- Елікбаева Гүлжахан Жақпарқызы
- Елубаев Сағынтай Зекенұлы
- Есполов Тлектес Исабайұлы
- Есполов Айдос Тілектесұлы
- Есім Ғарифолла Есімұлы
- Жамбакин Қабыл Жапарұлы
- Жәрменов Әбдірәсіл Алдашұлы
- Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы
- Жұрынов Мұрат Жұрынұлы
- Зақұмбаева Гауһар Дәуленқызы
- Заядан Болатхан Қазыханұлы
- Ізтаев Әуелбек Ізтайұлы
- Смағұлов Оразақ Смағұлұлы
- Исмұхамбетов Жұмабай Ділмағамбетұлы
- Қайдарова Диляра Радикқызы
- Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы
- Қалимолдаев Мақсат Нұрәділұлы
- Кәлменов Тынысбек Шәріпұлы
- Қамзабекұлы Дихан
- Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы
- Қасқабасов Сейіт Асқарұлы
- Қайыпов Мәлік Арықтайұлы
- Кешуов Сейітқазы Асылсейітұлы
- Кененбаев Серік Бәрменбекұлы
- Қожамжарова Дария Пернешқызы
- Қожахметов Сұлтанбек Мырзахметұлы
- Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы
- Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы
- Күзденбаева Раиса Сәлмағамбетқызы
- Құлажанов Құралбек Сәдібайұлы
- Құлажанов Талғат Құралбекұлы
- Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы
- Құлыбаев Талғат Асқарұлы
- Құлмағамбетов Ілияс Райханұлы
- Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы
- Құнанбаева Сәлима Сағиқызы
- Құнантаева Күләш Құнантайқызы
- Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы
- Құрманбайұлы Шерубай
- Курскеев Абдрахман Козлоевич
- Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы
- Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы
- Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы
- Локшин Вячеслав Нотанович
- Мәдиев Өскенбай Қабылбекұлы
- Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы
- Медеу Ахметқал Рахметоллаұлы
- Мейірман Ғалиолла Төлендіұлы
- Мелдебеков Әліхан Мелдебекұлы
- Молдабеков Мейірбек Молдабекұлы
- Мұқашев Болат Нығметұлы
- Молдахметов Зейнолла Молдахметұлы
- Молдахметов Марат Зейноллаұлы
- Мұсабаев Талғат Аманкелдіұлы
- Момынов Талғат Әшірұлы
- Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы
- Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы
- Мырзақұлов Рәтбай
- Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
- Нұрманбетова Жәмилә Нүсіпжанқызы
- Оздоев Султан Мажитович
- Ойнаров Рысқұл Ойнарұлы
- Омаров Бауыржан Жұмаханұлы
- Ормантаев Камал Сәруарұлы
- Өтелбаев Мұхтарбай Өтелбайұлы
- Пірәлиев Қалдыбай Жайлауұлы
- Раисов Төлеген Қазезұлы
- Рақышев Баян Рақышұлы
- Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы
- Рау Алексей Григорьевич
- Рақымбаев Ізбасар Рақымбайұлы
- Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы
- Сәбікенов Салахиден Нұрсалиұлы
- Сағитов Абай Оразұлы
- Садықұлов Төлеухан Садықұлұлы
- Сарбасов Төлеуғали Ибраимұлы
- Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы
- Северский Игорь Васильевич
- Сейдуманов Серік Тұрарұлы
- Сманов Бақтияр Өрісбайұлы
- Сүлеев Досым Қасымұлы
- Сүлейменов Жеңісбек Жұмағалиұлы
- Сүлейменов Майдан Күнтуарұлы
- Сүлейменов Жүсіпбек Тәшірбайұлы
- Сыдықов Ерлан Бәтташұлы
- Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы
- Таймағанбетов Жәкен Қожахметұлы
- Тәкібаев Нұрғали Жабағаұлы
- Тіреуов Қанат Маратұлы
- Төлебаев Райс Қажыкенұлы
- Төлеуов Бораш Игілікұлы
- Үкібаев Хисемидолла Исхақұлы
- Оразалиев Рахым Алмабекұлы
- Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы
- Харин Станислав Николаевич
- Шоманов Өрісбай Шоманұлы
- Фазылов Серік Драхметұлы
- Шарманов Төрегелді Шарманұлы
- Шайдаров Мәжит Зейноллаұлы[10]
Құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2002-2003 жылдары Ұлттық ғылым академиясы Білім және ғылым министрлігінің меншігіндегі ғылыми ұйымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметін үйлестіруді жүзеге асырды:[11]
- Ботаника және фитоинтродукция институты
- Зоология институты
- Адам және жануарлар физиологиясы институты
- Жалпы генетика және цитология институты
- Микробиология және вирусология институты
- М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты
- Экономика институты
- А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты
- М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
- Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
- Философия және саясаттану институты
- Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
- Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
- Сейсмология институты
- У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты
- Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты
- Металлургия және кен байыту институты
- География институты
- Информатика және басқару проблемалары институты
- Ғарыштық зерттеулер институты
- Математика институты
- Қолданбалы математика институты
- В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты
- Ионосфера институты
- Физика-техника институты
- А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты
- Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты
- Фитохимия институты
- Ғалымдар үйі
- Орталық ғылыми кітапхана
- «Ғылым» ғылыми-баспа орталығы
Бұрынғы құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1980 жылдардың соңынан 1999 жылға дейін Ғылым академиясы құрылымында ғылым салалары бойынша 5 бөлімше және 1 аймақтық бөлімше болған:
- Физика-математикалық ғылымдар бөлімшесі
- Ядролық физика институты
- Жоғары энергия физикасы институты (1996 жылға дейін)
- Теориялық және қолданбалы математика институты
- В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институт
- Каменское плато обсерваториясы
- Асы-Түрген обсерваториясы
- Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы
- Ионосфера институты
- Физика-техника институты
- Механика және машинатану институты
- Ғарыштық зерттеулер институты
- Информатика және басқару проблемалары институты (1991 жылдан бастап)
- Жер туралы ғылымдар бөлімшесі
- Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты
- У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институты
- Сейсмология институты
- Тау-кен істер институты
- География институты
- Химия-технологиялық ғылымдар бөлімшесі
- Металлургия және кен байыту институты
- А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты
- Д.В. Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты
- Мұнай химиясы және табиғи тұздар институты.
- Биологиялық ғылымдар бөлімшесі
- Жалпы генетика және цитология институты (1995 жылы құрылды)
- Топырақтану институты
- Ботаника институты (1995 жылдан бастап Ботаника және фитоинтродукция институты)
- Зоология институты (1995 жылдан бастап Зоология және жануарлар генофонды институты)
- Микробиология және вирусология институты
- Эксперименттік биология институты (1995 жылға дейін)
- Физиология институты (1995 жылдан бастап Адам және жануарлар физиологиясы институты)
- М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты
- Бас ботаникалық бақ (1995 жылға дейін)
- Аймақтық тағамтану мәселелері ғылыми орталығы (1995 жылдан бастап Тағамтану институты).
- Қоғамдық ғылымдар бөлімшесі
- Философия институты
- Мемлекет және заң институты
- Экономика институты
- Социология және саясаттану институты (1995 жылдан бастап)
- Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты
- М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
- А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты
- Ғ.С. Сәдуақасов атындағы Ұйғыртану институты (1996 жылға дейін)
- Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
- Сыртқы экономика орталығы
- Шығыстану институты (1996 жылдан бастап).
- Қарағандыдағы Орталық Қазақстан бөлімшесі
- Химия-металлургия институты
- Органикалық синтез және көмір химиясы институты
- Физиология және еңбек гигиенасы институты
- Қолданбалы математика институты
- Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Республиканың ғылымын ұйымдастыруды және ғылыми-техникалық қуатын дамытуды жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 1993 ж. 21 қаңтардағы № 1090 Жарлығы
- ↑ 1993-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 572-573 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).
- ↑ "Қазақстан Республикасында ғылыми қызметті ұйымдастыру жүйелерін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 21 қазандағы № 1208 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат).
- ↑ Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9
- ↑ ҚР ҰҒА тарихы
- ↑ Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 103-VIII "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заңы
- ↑ Алматыдағы Ұлттық Ғылым Академиясының жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?
- ↑ БАСҚАРМА
- ↑ Новых академиков избрали в Казахстане
- ↑ ҚР ҰҒА академиктері
- ↑ Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы