Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев
Көрініс
Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев (18 ақпан 1938 жылы туған, Қостанай облысының Жангелді ауданы — 25 шілде 2020 жыл) — экономист-ғалым. Экономика ғылымдарының докторы (1977), профессор (1978), ҚР ҰҒА академигі (1994), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1996).
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ҚазМУ-ды бітірген (1960).
- 1960 — 63 жылы ҚазМУ-де ассистент, аға оқытушы
- 1963 — 66 жылы Мәскеу халық шаруашылығы институтының аспиранты
- 1966 жылдан Алматы халық шаруашылығы институтында ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарды.
- 1982 — 90 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының ректоры
- 1990 — 94 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің (1993 жылдан Қазақ мемлекеттік басқару академиясы) ректоры
- 1994 — 96 жылы ҚР ҰҒА президенті.
- 1996 — 2004 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университеттің
- Халықаралық бизнес университетінің ректоры
- 2004 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
- 2007 жылдан бері - «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі. Салық салу «КагЕпегду» ассоциациясы үйлестіру кеңесінің төрағасы.
Ғылыми еңбектері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты: материалдық-техникалық жабдықтаудың экономикалық тиімділігін арттыру мәселелері, Қазақстандағы экономикалық реформа теориясы мен әдіснамасы. 150-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Кембридж өмірбаяндық орталығының “Жыл адамы — 1992” атағын алды.
- Еңбек Қызыл Ту (1971)
- “Халықтар достығы” (1987)
- “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған.[1]
- Қазақстанның Еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (2003).
- «Парасат» (2005)
- II дәрежелі «Барыс» ордендерімен;
- «Тың жерлерді игерген үшін» (1957)
- «Қажырлы еңбек үшін» (1970)
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)
- «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған.
Отбасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үйленген. Жұбайы - Кішкенова Нағитай. Ұлдары - Нұрлан, Ерлан, Ербол, экономистер.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X
- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Санаттар:
- 18 ақпанда туғандар
- 1938 жылы туғандар
- Жангелді ауданында туғандар
- Қазақстан экономистері
- Қазақстан ғалымдары
- Экономика ғылымдарының докторлары
- Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері
- Алматы халық шаруашылығы институтының профессорлары
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері
- Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары
- Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері
- Халықтар Достығы орденінің иегерлері
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
- Парасат орденінің иегерлері
- Барыс орденінің иегерлері
- Отан орденінің иегерлері
- Достастық орденінің иегерлері
- Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалінің иегерлері
- Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері
- Тың жерлерді игергені үшін медалінің иегерлері
- Қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері