Мазмұнға өту

Юлиус фон Ганн

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Юлиус фон Ганн (23.3.1839, Линц-1.10.1921,Вена)- Австрия метеорологы. Вена университетінің профессоры (1873-1910). Австрия метеорогиялық институтының директоры (1877-1897) болды. Австрия метеорология қоғамының негізін қалаушылардың (1863) және «Метеорогише пайтшрифт» журналын ұйымдастырушылардың бірі. Ол қарама-қарсы екі ауа ағысының өзара байланысты әрекетінен пайда болатын циклондардың динамикалық теориясын ашты. Жер климатын зерттеумен шұғылданды, фён құбылысына сипаттама берді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ энциклопедиясы