Энн Кобб

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Энн Кобб
Anne Philippa Cobbe

Энн Кобб 1939 жылы, Сомервиль колледжі, Оксфорд
Туған күні

7 тамыз 1920 (1920-08-07)

Туған жері

Шарнбрук, Англия

Қайтыс болған күні

15 желтоқсан 1971 (1971-12-15) (51 жас)

Қайтыс болған жері

Оксфорд, Англия

Азаматтығы

Англия

Ғылыми аясы

математика, гомологті алгебра

Жұмыс орны

Сомервиль колледжі, Оксфорд

Альма-матер

Сомервиль колледжі, Оксфорд

Ғылыми жетекші

Джон Ге́нри Ко́нстантайн Уа́йтхед

Энн Филиппа Кобб (ағылш. Anne Cobbe, 7 тамыз 1920 жыл - 15 желтоқсан 1971 жыл) — Оксфорд университеті, Сомервиль колледжінде студенттерді шабыттандыра алатын әрі қолдау көрсете білетін таза математика пәнінің ағылшын профессоры болған.

Жастық шағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Энн Бедфордшир графтығындағы Шарнбрук қаласында дүниеге келді, генерал Александр Кобб (Кобб отбасының мүшесі) және Уинифред Ада Боэннің ең кіші баласы болды[1]. Оның анасы - 1-ші баронет, Энн балалық шағын өткізген Колворт Хаус сарайының лорды - Сэр Альберт Боуэннің қызы. Энның Уинифред Алиса (1912 ж. т.) және Александр Уильям Локк (1919 ж. т.) деген әпке-інісі болған. Энн он жас кезінде әкесі қайтыс болады. Ұлыбританияның корольдік әуе күштері (Royal Air Force) ұшқышы ретінде Билл деген атпен әйгілі оның ағасы 1940 жылы Ұлыбритания шайқасында мерт болады.[2]

Энн Беркшир, Ньюбериден алыс емес Даун-Хаус мектебінде оқыды. Математиканы оқуды алтыншы сыныптан бастаған, бірақ 1938 жылы Оксфорд университетіне стипендияға емтихандарды тарих пәнінен тапсырды. Нәтижесінде тарих пәнін оқу Эннға жарамсыз ой екендігі айтылды. Келесі жылы-ақ, 1939-да, математикадан түсу емтиханын тапсырып, Оксфордтағы Сомервиль колледжінде оқуға орын алады.[3]

1942 жылы соңғы емтихандарын тапсырып, Ұлыбританияның Корольдік әскери-теңіз күштерінде (Royal Navy) жедел зерттеу ғылымында қызмет атқарады. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Оксфордқа оралып, 1946 жылы өнер магистрі (Master of Arts) дәрежесімен марапатталады.

Оның гомологті алгебра туралы бірінші мақаласы 1951 жылы жарыққа шығады, және «Қазіргі уақыттағы алгебралық теориялар» (Modern Algebraic Theories) диссертациясы үшін 1952 жылы PhD-доктор дәрежесін иемденеді.[4]

Энн 1955 жылы Леди Маргарет Холлда (Оксфорд университетінің колледжарының бірі) лектор болып қызмет атқарады және сол жылда-ақ «Шекті топтың когомологиялық топтары туралы» (On the cohomology groups of a finite group) мақаласы жарық көреді. Кейінірек көп ұзамай ол өзінің альма-матері - Сомервиль колледжіне оқытушы және тәрбиеші ретінде қайта оралады.[5]

Энн Кобб 1969 жылы ауыр сырқатқа шалдығып, 1971 жылдың 15 желтоқсанында 51 жасында дүниеден өтті.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]