Эз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Эз (фр. Èze, окс. Esa) – Францияның оңтүстік-шығысындағы коммуна. Прованс – Альпы – Лазурный берег аймағында орналасқан. Коммунаның департаменті – Приморские Альпы. Коммунаның округі – Ницца. Босолей кантонының құрамына кіреді. Ниццадан 12 км шығыста орналасқан. Халқы – 3 мыңға жуық тұрғындар (2006). Коммунаның ауданы – 9,47 км2, халқы – 2932 адам (2006), азаю үрдісімен: 2535 адам, халықтың тығыздығы – 267,7 адам/км2. Бір теорияға байланысты, Эз өзінің атын ертедегі эгипет әйе�� құдайы Исидадан алды. Дәл оның атына ертедегі финикийлер өз хибадатханасын жандандырды.


Ең бірінші адам қонысының ізі Эз аймағында біздің заманымызға дейін XX-XXI ғасырлары болған. Кейінірек уақытта бұл аймақ римдіктер мен маврлерге тиесілі болды. 1383 жылы Эз Савойдық династияның қол астында болды. Ол қаланы бекітіп, фортификациялық қаруларды көтерді. Келесі жүзжылдықта Эз бірнеше рет күйзеліске душар етті: француздардан түріктерге көшті, 1706 жылы Людовик XIV толықтай бекіністі жойды. 1860 жылы ғана Эз ресми түрде Францияның бөлігі болды.


Коммунаның халқы 2011 жылы 2550 адамды қамтыды, ал 2012 жылы 2535 адам болды. Жылдар бойынша халық саны


2010 жылы 1730 адамнан еңбек етуге жарамды жаста (15-64 жас) 1246 адам экономикалық белсенді, 484 – белсенді емес (белсенділік көрсеткіші 72,0%, 1999 жылы 65,6%) болды. 1246 белсенді тұрғындардың 1157 адамы (607 еркек және 550 әйел) жұмыс істеді, 89 адам (40 еркек және 49 әйел) жұмыссыз болды. 484 жұмысқа жарамды белсенді емес азаматтардың 171 адамы оқушы немесе студент, 149 – зейнеткер, 164 адам басқа себептерге байланысты белсенді емес болды. 2010 жыл бойы коммунада 1157 үйқожалығы болды. Ол жерде 2429,0 адам тұрды. Сонымен бірге, табыстың медианасы 24 мың 629 евроны құрады.


Эзге дейін Ницца мен Монакодан әр түрлі тәсілмен жетуге болады: көлікпен, автобуспен, поездбен және тікұшақпен. Көрікті жерлер • XIV ғасырдың Chapelle des Penitents-Blancs шіркеуі. • XVIII ғасырдың Notre Dame de l’Assomption шіркеуі. • Экзотикалық бау-бақша. Кактусты өсіреді. • Фрагонар және Галимар парфюмерлік фабрикалары. • Рикер қақпасы. • Ницше сүрлеу жолы.


Қызықты мәліметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

• Ницше Эзде болған кезде «Так говорил Заратустра» романын жазды. • Уолт Дисней Эзде демалғанды жақсы көрген. • Қаладағы ең ескі ғимарат - Chapelle de la Sainte Croix. • Қаланың эмблемасы Феникс. • Жергілікті диалект монегасстық тілде құрылған. • Кішкентай пішініне қарамастан, қалада «Vues d’Eze» газеті шығады.