Шектеуші фактор
Шектеуші фактор - 1) қайсыбір процестің, құбылыстың не организмнің (түрдің, қауымдастықтың) тіршілік етуінің өтуі үшін шектеу қоятын фактор. Мысалы, басқа түрлердің бәсекелесі; 2) ең көп не ең аз шамада болатындықтан экожүйенің құрамы мен биологиялық өніміне басқалардан гөрі ықпалы болатын экологиялық фактор. Далалық өңірде өсімдіктер үшін шектеуші фактор — су, орманды жерлерде — топырақта қоректік элементтердің молдығы, тундрада — жылу мөлшері. Шағын көлдерде қыстың ортасынан былай судағы оттек мөлшері шектеуші фактор болып шығады (ол жетіспегенде балық жаппай қырылады). Топырақта (немесе су қойманың суында) уытты тұздардың болуы да шектеуші фактор болуы мүмкін.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |