Шақпақ баба ауылы
Ауыл | |
Шақпақ баба | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
42°30′34″ с. е. 70°33′26″ ш. б. / 42.50944° с. е. 70.55722° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°30′34″ с. е. 70°33′26″ ш. б. / 42.50944° с. е. 70.55722° ш. б. (G) (O) (Я) |
Бұрынғы атаулары |
Высокое |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▲3473 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
13 |
Шақпақ баба шекарасы
|
Шақпақ баба (1993 жылға дейін – Высокое)[1] — Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл, Шақпақ ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылынан шығысқа қарай 18 км жерде, Боралдай, Кіші Ақсу тауларының аралығында, Арыс өзенінің басталар жерінде орналасқан.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
3087 | ▲3285 | ▲3473 | 105,7 | 1670 | ▲1762 | 105,5 | 1615 | ▲1711 | 105,9 |
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Іргесі 19 ғасырдың аяғында қаланған. 1961 жылдан «Путь Ильича» ұжымшарының орталығы болып, Высокое аталып келді. Оның негізінде тері илейтін, май шығаратын, алма кептіретін цехтар жұмыс істеді.
Инфрақұрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мәдениет үйі, «Жас ұлан» балалар үрмелі аспаптар оркестрі, 2 мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, кітапхана бар. Ауылдан филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасы мұсылмандар діни басқармасының Бас мүфтиі Ә.Дербісәлі шыққан.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан
- ↑ 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
|