Мазмұнға өту

Шавит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шавит

Шавит (ивр. שביט‎) - ирвит тілінен аударғанда «құйрықты жұлдыз» деген мағына береді. «RSA-3» ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған зымыран. Израильде жасалып, шығарылады.

Алғаш рет 1988 жылдың 19 қыркүйегінде Польмахим ғарыш айлағында ұшырылды. Осыған орай Израиль ғарыш аппараттарын Oрбитаға шығара алатын жер бетіндегі сегізінші елге айналады.

1999 жылдан бастап Израиль өз ғарыш зымыранын жоспарлы түрде шығарып келе жатыр. 2003 жылы израильдік «Шавитті» бразилиялық Алкантара ғарыш айлағынан ұшыру мүмкіндігі туралы келісімшартқа қол қойылды. «Шавит» зымыранының көмегімен Офек жерсеріктері ғарышқа жол жасалды.

«Шавит» - Оңтүстік Африканың «RSA-3» зымырантасығышымен бірге жасалды. Зымыран кейін жаңартылды. Басында «LK-A» («Шавит 1») нұсқасы қолданылған болатын. Бұдан кейін ауыр Жер серіктерін көтере алатын «LK-1» («Шавит 2») зымырандары шығарылды. Қазіргі кезде бірінші сатысы жаңа қозғалтқышпен жабдықталған «LK-2» («Шавит 3») нұсқасы жобалануда.

Жалпы анықтама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үш сатылы, қатты отынмен жанатын зымыран. Алғашқы екі сатысы бір-біріне ұқсайды: әрқайсысының салмағы – 13 тонна. Олар Израильдің IAI концернінде топтамамен шығарылады. Үшінші сатысын «Рафаэль» компаниясы жасаған, салмағы 2,6 т , қозғалтқышы 92 секунд жұмыс істейді.

Бірінші және екінші сатыны «Иерихон-2» зымыраны да қолданады. Қозғалтқыштары 100 шақырым биіктікке дейін жұмыс істейді, содан кейін зымыран инерциямен тағы да 150 шақырым алады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 1100 қызықты деректер, А��уна баспасы 186 бет

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]