Хуан Понсе де Леон
Хуан Понсе де Леон | |
ис. Juan Ponce de León | |
Сан-Хуандағы ескерткіш | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Хуа́н По́нсе де Лео́н (ис. Juan Ponce de León; 1460 ж. — 1521 ж. шілде) — Пуэрто-Рикодағы алғашқы еуропалық аумақтың негізін салған аделантадо атағы бар конкистадор. 1513 жылы мəңгілік жастықтың қайнарын іздеу кезінде Флориданы ашқан.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Понсе де Леон дворяниндер əулетінде дүниеге келген. Патша сарайында паж болып қызмет атқарған, кейінірек Гранаданы маврлардан босатуға қатысқан. 1493 жылы Колумбпен бірге жаңа Америка жағалауларына барған деген пікірлер де бар. 1503 жылы Вест-Индияда губернатор Николас де Овандоның қол астындағы капитан болып қызмет етті.
Үндістердің көтерілісін басқаны үшін Понсе де Леон Эспаньола аралының шығыс бөлігінің басшысы болып тағайындалды. Пуэрто-Рикодағы алтын қорының молдығы жайлы сыбыс оған жеткенде Понсе де Леон экспедиция жасақтап, 1508-1509 жылдары аймақты зерттеп, Капарра елді мекенінің негізін қалайды. Осы елді мекен кейінірек Пуэрто-Риконың қазіргі астанасы Сан-Хуанға айналды.
Эспаньолаға қайтып оралғанда Понсе де Леон Пуэрто-Риконың губернаторы болып бекітіледі. Бұл жайт оның жауларының қызғанышын тудырып, нəтижесінде, олар оны жұмыстан шектеп тастайды. Қажымайтын конкистадор, үндіс тайпаларынан сұрап жүріп, Пуэрто-Риконың солтүстігіндегі Бимини аралында мəңгілік жастықтың ғажайып қайнары бар екендігі жайлы білді. 1513 жылдың наурызында өз қаржысына экспедиция жасақтап, осы қайнарды табу үшін Пуэрто-Рикодан жүзіп шықты.
Осы жылдың сəуірінде Понсе де Леон жерді көріп, Флориданың шығыс жағалауына, қазіргі Сент-Огастиннің жанына түсті. Бұл жерді арал деп есептеп, оған өте бай тропикалық флорасы үшін Флорида деген ат берді. Сонымен қатар, «гүлденген даланың» ашылуы дəл пасхалық аптаға (ағылш. Pascua Florida) түсті. Ол Флориданың оңтүстігімен жүзіп, түбектің батыс жағалауы арқылы өтіп, Пуэрто-Рикоға, одан кейін Испанияға оралды. Мұнда 1514 жылы Бимини мен Флориданың əскери губернаторы атағын алды.
1521 жылы Понсе де Леон екі кеме бастап, Флориданы отарлауға жолға шықты. Оның 200 адамнан тұратын отряды батыс жағалауға түсіп, Калуса тайпасымен жойқын соғысты бастады. Понсе де Леон уланған оқпен жараланып, Кубаға көшу кезінде дүниеден өтті. Сан-Хуанда жерленген. Пуэрто-Риконың екінші ірі қаласы Понсе оның атымен аталған. Понсе де Леонның немересі, Хуан II, 1579 жылы Пуэрто-Риконы басқарған, ал 1581 жылы Вест-Индияның жазбаша сипаттамасын жазған.
Хуан Понсе де Леон кинода
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Spider-Man» (1967 жыл) анимациялық хикаясының «Fountain of Terror» атты бөлімінде дəрігер Коннер мəңгілік жастықтың қайнарын табады, алайда оны Понсе де Леон ұстап, тұтқындайды.
«Құпия деректер» телехикаясының бесінші сезонында «Айналым» бөлімінде Скалли мен Малдер агенттері Флорида ормандарындағы адамдардың жоғалуы ісін тексереді. Жоғалудың негізгі себебі ормандардағы белгісіз адамдар болып шығады, бəлкім, осында бұрыннан өмір сүрген, Малдердің болжамы бойынша, Понсе де Леон экспедициясының адамдары болуы мүмкін.
Даррен Аронофскидің «Фонтан» фильмінде сюжет Понсе де Леон іздеген мəңгілік жастық фонтанының айналасында болады.
«Кариб теңізінің қарақшылары: Əлемнің шегінде » (орыс. «Пираты Карибского моря: На краю Света») фильмінің соңында Барбосса капитан «Қара маржан» (орыс. "Черная жемчужина") экипажына олардың жаңа мақсаты - Понсе де Леонның мəңгілік жастық фонтаны жайлы баяндап береді.
«Кариб теңізінің қарақшылары: Біртүрлі жағаларда» (орыс. «Пираты Карибского моря: На странных берегах») фильмінің сюжеті түгелімен мəңгілік жастықтың қайнарын іздеуге негізделген. Фильм басында екі балықшы Понсе де Леонның кемесінде болғандығын айтатын адамды табады. Сонымен қатар, бөлімдердің біреуінде Джек Воробей мен Барбосса капитан Понсе де Леонның кемесінде болады.