Мазмұнға өту

Хромтау ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан ауданы
Хромтау ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Ақтөбе облысы

Аудан орталығы

Хромтау

Ауылдық округтер саны

13

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

27

Қала саны

1

Әкімі

Нұрхан Жасұланұлы Тілеумұратов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Хромтау қаласы, Горький көшесі, №9

Тарихы мен географиясы
Координаттары

50°16′12″ с. е. 58°27′00″ ш. б. / 50.27000° с. е. 58.45000° ш. б. / 50.27000; 58.45000 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°16′12″ с. е. 58°27′00″ ш. б. / 50.27000° с. е. 58.45000° ш. б. / 50.27000; 58.45000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1935

Жер аумағы

12,9 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

46 321[1] адам (2023)

Тығыздығы

3,6 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар (80,37%), орыстар (12,11%), украиндар (3,43%), немістер (1,16%), татарлар (0,77%), басқалары (2,16%)[2]

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 71336

Пошта индексі

031100-031120[3]

Автомобиль коды

04

Хромтау ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Хромтау ауданы

Облыс картасындағы Хромтау ауданы

Хромтау ауданыАқтөбе облысының солтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1935 жылы құрылған. Жер аумағы 12 900 км². Орталығы – Хромтау қаласы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Хромтау ауданы солтүстік-батысында Қарғалы ауданымен, батысында Ақтөбе қаласымен, оңтүстігінде Мұғалжар, Алға, шығысында Әйтеке би аудандарымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі. Аудан жері Мұғалжар тауының қырқалы-төбелі солтүстік-батыс бөлігін қамтиды. Батысы мен орталық тұсы көтеріңкі дөңес келген. Ең биік жері 487 м. Шығысы мен оңтүстік-шығысы сай-жыралармен тілімделген жазық. Бұл жағы Торғай үстіртінің біраз бөлігін алып жатыр. Аласа келген Никельтау (432 м), Бақай (436 м), Шұқыртау (462 м), Бәйментау (456 м), Әулиемола (320 м), т.б. таулары бар. Жер қойнауынан хромит, никель, мыс, мырыш, тас көмір, құрылыс материалдары барланған.

Ауданның климаты тым континенттік. Қысы суық, ызғарлы, жазы жылы әрі қуаң. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы –16 — 18°С, шілдеде 21 — 23°С. Қыс айларында температура кейде –44°С-қа дейін төмендейді, ал жаз айларында 42 °C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 — 300 миллиметр. Аудан жерімен Жақсы Қарғалы, Ор, Қызылқайың, Ойсылқара, Ақтасты, Дүбір, Сармырза, Қарабұтақ, Тамды, т.б. өзендер ағады. Ор, Жақсы Қарғалы өзендерінде шағын бөгендер салынған. Өзендері түгелдей дерлік Жайық және Елек өзендерінің саласы саналады.

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан жерінің топырағы негізінен құрғақ дала белдеміне тән сұр, сортаңды сұр (оңтүстік.-батысы мен оңтүстік-нде) қоңыр, бозғылт қоңыр (кейде қызғылт қоңыр) топырақ болып келеді. Өзен аңғарларында шалғынды сұр, шалғынды қоңыр топырақ қалыптасқан. Өсімдік жамылғысын боз, бетеге, жусан, ши, тал, су айдындары бойын қамыс, құрақ құрайды. Жануарлар дүниесінде қасқыр, түлкі, қоян, суыр, сарышұнақ, аламан, т.б. дала ландшафтысына тән аң-құстар мекендейді. Хромтау ауданында халық біркелкі қоныстанған.

1939 1959 1970 1979 1989[4] 1999 2009[5] 2021
 19781 29657 39036 42112 47471 43814 39748 43579

Тұрғындар саны 42951 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (79,00%), орыстар (12,76%), украиндар (3,82%), немістер (1,27%), татарлар (0,82%), басқалары (2,32%). Халықтың 1км²-ге шаққандағы орташа тығыздығы 3,32 адам.

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудандағы 28 елді мекен 1 қалалық, 1 ауылдық әкімдік пен 13 ауылдық округке біріктірілген:

Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021)
Абай ауылдық округі Абай ауылы 2 366
Ақжар ауылдық округі Ақжар ауылы 2 2566
Аққұдық ауылдық округі Аққұдық ауылы 1 675
Бөгетсай ауылдық округі Бөгетсай ауылы 2 1538
Дөң ауылдық округі Дөң ауылы 2 3468
Көктау ауылдық округі Көктау ауылы 1 2174
Көктөбе ауылдық округі Майтөбе ауылы 2 484
Қопа ауылдық округі Қопа ауылы 2 1263
Құдықсай ауылдық округі Құдықсай ауылы 2 322
Қызылсу ауылдық округі Сарысай ауылы 2 856
Некілтау ауылдық әкімдігі Некілтау ауылы 1 925
Табантал ауылдық округі Табантал ауылы 3 540
Тасөткел ауылдық округі Тасөткел ауылы 3 517
Тассай ауылдық округі Тассай ауылы 2 555
Хромтау қалалық әкімдігі Хромтау қаласы 1 29579

Ірі елді мекендері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Елді мекен Халқы
(2021)
Хромтау 29579
Дөң 3089
Ақжар 2270
Көктау 2174
Бөгетсай 1430
Некілтау 925
Қопа 723
Аққұдық 675
Тамды 540
Сарысай 500

Шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданда 1995 жылға дейін астық өндіруге, биязы жүнді қой және етті-сүтті мал, жылқы, көкөніс, картоп өсіруге маманданған 5 ұжымшар, 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі нарықтық экономикаға өтуге байланысты жекешелендіріп, 3 АҚ, 7 ӨК, 96 ЖШС және 1200-ден астам шаруа қожалықтары құрылды. Ауданда ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 346,8 мың га, оның ішінде жыртылатын жер 124,5 мың га, шабындығы 2,7 мың га, жайылымы 219,3 мың гектар. Мал шаруашылығында 35,1 мың қой мен ешкі, 2,0 мың жылқы, 5 мың түйе болды (2006). Аудан өнеркәсібінің негізін хромит кені негізінде жұмыс істейтін “Дөң кен байыту комбинаты” құрайды. Одан басқа бірнеше ірі кәсіпорындар (“Керамика”, “Рахат-21” АҚ-дары, “Сауда орталығы”, “Әділ” ЖШС-тері, т.б.) жұмыс істейді. Соңғы жылдары құрылыс саласындағы кәсіпорындар (қыш, кірпіш, әйнек, темір-бетон з-ттары, т.б.) іске қосылды.

Инфрақұрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әлеуметтік-мәдени салада жалпы білім беретін 38 мектеп, 1 кәсіптік-техикалық мектеп, 3 балабақша, кеншілер мәдениет үйі, мешіт, стадион, 32 мәдениет мекемесі, ауданы. мекемелер, аурухана, 29 фельдшафт-акушерлік пункт, “Мұғалжар” демалыс базасы, 5 тарихи-археологиялық және табиғат ескерткіштері бар. Аудан жерімен республикалық маңызы бар Атырау — Қандыағаш — Алтынсарин — Жітіқара — Қостанай т. ж., Орал — Ақтөбе — Хромтау — Қостанай автомобил жолы өтеді.[6]

Хромтау ауданындағы темір жол вокзалы

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]