Хора
Хора - Византия шіркеулерінің әсем үлгісі болып саналады.Шіркеу Ыстамбұлдың батыс ауданында орналасқан. XVI ғасырда Осман империясының үкімімен шіркеу мешітке айналдырылды. Ал 1948 жылы секулризацияға ұшырап, мұражай болып қалды. Құрылыстың іші толығымен мозаикалардан және фрескалардан тұрады. Византиядағы VIII - IX ғасырларда орын алған иконға табынушылыққа қарсы бағытталған қозғалыс кезеңіндегі қиратуларға қарамастаң бұл шіркеуде мозаикалар мен фрескалар өзінің стилі мен құндылығын жоймастаң сақталып қалды. Хора шіркеуі Константинополь аумағынан тыс, «Алтын мүйіздің» оңтүстігінде бой көтерген. Шіркеудің толық атауы - Әулие құтқарушы шіркеуі. Шіркеудің негізі IV ғасырда қаланып, V ғасырға дейін Константинополь қаласының аумағына кірмеген. Хора шіркеуі Византия шіркеулерінің арасындағы көлемі жағынан кішірек шіркеу болып саналады. Шіркеу қала қамалы қабырғасының сыртында салынғандықтан «Хора», яғни «қала сыртында, батпақта» деп аталған. Шіркеудің кіреберіс бөлігінде ені - 4 метр, ұзындығы 23 метр болатын дәліз бар. Шіркеудің негізгі есігі батыс жағында орналасқан.
Мұражаймен танысуды ғибадатханадан бастаған дұрыс. Едендер мен қабырғалардың мозаикамен көмкерілгені мұражайдың архитектурасына ерекше әдемілік пен айбын береді. Дегенмен ұзаққа созылған қайта жөндеу жұмыстарынан соң мозаикалардың әу бастағы түпнұсқасы тек күмбездердің айналасында сақталып қалды. Хора шіркеуіндегі мозаика Қайта өрлеу дәуірінің жаңалыеы болып табылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.