Хиросима
Елді мекен | |||||
Хиросима | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Префектура | |||||
Мэр |
Кадзуми Мацуи | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары | |||||
Құрылған уақыты |
1589 | ||||
Жер аумағы |
905,41 км² км² | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
1 202 000 адам (2016) | ||||
Тығыздығы |
1308,91 адам/км² | ||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
+81 82 | ||||
Пошта индексі |
730-8586 | ||||
Хиросима шекарасы
|
Хиросима (жапон. 広島市 Хиросима-си) — жапон қаласы, Хонсю аралының оңтүстік-батысында орналасқан Тюгоку аймағының ең ірі қаласы.
Хиросима Жапонияның мемлекеттік маңызы бар қалаларының тізімінде бар. Әлемде ядролық бомбалауға ұшыраған бірінші қала ретінде белгілі. АҚШ Қарулы күштері 1945 жылғы 6 тамызда Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында бұл қалада ядролық жарылыс өткізді.
Хиросима экономикасы екінші мен үшінші сектордағы өнеркәсіпке негізделген. Мұнда Mazda корпорациясының штаб-пәтері мен негізгі зауыттары орналасқан. Оған қоса, туристік орындардың бастысы – Бейбітшілік Мемориалы, бұл мемориал ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандарының тізіміне енген.
Основой экономики Хиросимы являются предприятия вторичного и третичного сектора. В городе расположена штаб-квартира и основные заводы японской корпорации Мазда. Среди главных туристических достопримечательностей — Мемориал мира, зачисленный в список Всемирного наследия ЮНЕСКО, а также Хиросимский замок и японский сад Сюккэйэн.
Этимология
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қала атауының этимологиясы ғалымдар арасында тау тудырып жатыр. Басында "Хиросима" сөзімен Ридзе қамалы аталса, басқалар бұл атау екі даймё иероглифтерінің қосындысынан пайда болды дейді. Оэ-но Хиромото (大江広元) мен Фукусима-но Мотонага (福島元長). Басқаша деректер бойынша, хира (平) деген "жазық", ал сима иероглифі "арал" дегенді білдіреді.
География
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қала Ішкі Жапон теңізінің жағалауындағы Хиросима жазығында орналасқан. Батыста қала Хацукаити қаласымен, солтүстік-батысында Акиота қаласымен, солтүстігінде Китахиросимамен, солтүстік — шығысында Акитаката қаласымен, шығысында Хигаширосимамен, оңтүстік — шығысында Футю, Кайта, Кумано, Сака және Куре қалаларымен шектеседі. Хиросиманың оңтүстігінде Ішкі Жапон теңізі орналасқан.
Ауданы – 905,41 км², халық саны — 1 185 097 адам (2014), халық тығыздығы — 1308,91 адам/км².
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Хиросима ылғалды субтропикалық климаттық белдеуге жатады. Қыста қар аз және салыстырмалы түрде күн жылы, ал жазы ыстық, ылғалды, жаңбыр мен тропикалық циклондар көп.
Хиросиманы бомбалау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1945 жылы 26 шілде күні Потсдам декларациясының ультиматумы қойылды, Жапония оның шартын орындаудан бас тартты. Сондықтан 1945 жылғы 6 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:15-те, Пол Тиббетс пен бомбардир том Фереби басқарған американдық B-29 "Enola Gay" бомбалаушысы Хиросимаға "Балақай" ("Little Boy") деп аталатын алғашқы атом бомбасын тастады.
Қаланың едәуір бөлігі қирады, жарылыс кезінде 70 мың адам қаза тапты, тағы 60 мың адам радиациялық ауру, күйік пен жарақаттан қайтыс болды[1].
Мәдениет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Білім және ғылым
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2007 жылғы мамыр айда Хиросимада 13 университет, 5 колледж, 48 жоғары мектеп, 76 орта мектеп, 146 бастауыш мектеп, 119 балабақша, 41 кәсіптік мектеп және 20 арнайы мектеп жұмыс істеді.
Туристік орындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Митаки – будда ғибадатханасы, немесе "үш ағаш" ғибадатханасы деп аталады. 809 жылы митаки тауының етегінде ормандар мен үш сарқырамамен қоршалған. Ғибадатхана Каннон құдайына арналған. Әдемі сакуралар мен үйеңкілермен танымал.
Сюккэйэн – жапон бағы. 1620 жылы Асано сарайының жанында самурай Уеда Соко құрған. 1940 жылы Асано әулеті оны Хиросима префектурасына сыйға тартты. Бақ қаланы бомбалау кезінде толығымен қирап, 1951 жылы қалпына келтірілді. Бақшаға жыл сайын шамамен 300 000 адам келеді.
Бауырлас қалалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Гонолулу, США (1959)
- Ганновер, Германия (1983)
- Чунцин, Китай (1986)
- Тэгу, Республика Корея (1997)
- Монреаль, Канада (1998)
2022 жылы Хиросима Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты 1972 жылдан бері келе жатқан Волгоградпен бауырластығынан бас тартты [2].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Анатолий Поморцев «США повторят Хиросиму». Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 шілде 2007. РБК Daily Мұрағатталған 16 қаңтардың 2008 жылы. 6 августа 2007 года
- ↑ Эдуард Пальгунов Город Хиросима приостановил побратимские связи с Волгоградом. Комсомольская правда — Волгоград (24 наурыз 2022). Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 наурыз 2022. Тексерілді, 25 наурыз 2022.