Футбол ережелері
Футбол ережелері — футбол ойынының бекітілген ережелері. Бұл ережелер Халықаралық Футбол Федерацияларының Кеңесі (ағылшынша IFAB — International Football Association Board) тарапынан жазылып, ФИФА тарапынан жарияланады. Ережелер топтағы ойыншылар санын, ойын ұзақтығын, алаң мен доп өлшемдерін және басқа да көптеген ойын қырларын қамтиды.
Ағымдағы ережелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ережелердің соңғы редакциясы (2008 жылдың 1-шілдесі) 17 тармақтан тұрады.
- 1-ші ереже: Ойын алаңы
- 2-ші ереже: Доп
- 3-ші ереже: Ойыншылар саны
- 4-ші ереже: Ойыншылар киім-кешегі
- 5-ші ереже: Төреші
- 6-ші ереже: Төреші көмекшілері
- 7-ші ереже: Ойын ұзақтығы
- 8-ші ереже: Ойынның басталуы мен қайта жалғасуы
- 9-ші ереже: Ойындағы және ойыннан тыс-қы доп
- 10-ші ереже: Ойындағы есеп анықтамасы
- 11-ші ереже: «Ойыннан тыс» күйі
- 12-ші ереже: Ойыншылардың ереже бұзушылығы және тәртіпсіздігі
- 13-ші ереже: Айып және еркін соққы
- 14-ші ереже: 11-метрлік соққы
- 15-ші ереже: Допты лақтырып ойынға қосу
- 16-ші ереже: Қақпадан тебу
- 17-ші ереже: Бұрыштама добы
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алғаш рет ойын ережелерін Англия Футбол Федерациясы 1863 жылдың 7-ші желтоқсанында еңгізген болатын. Бұндағы ережелер өз негізін Кембридж университетінен алады.
Қазіргі таңда, Халықаралық Футбол Федерацияларының Кеңесінде (IFAB) ойын ережелерін бекітерде Англия, Шотландия, Уелс және Солтүстік Ирландия футбол федерациялары бір-бір дауысқа иелік етсе, ФИФА 4 дауысқа ие. Ағымдағы ережелердің өзегі 1997 жылы қабылданып, содан бері тек мардымсыз өзгертулерге ұшыраған.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- FIFA The Laws of the Game (ағыл.). FIFA.com (06.03.2010). Басты дереккөзінен мұрағатталған 14 ақпан 2012. Тексерілді, 29 наурыз 2011. — FIFA.com-дағы ережелердің ағымдағы редакциясы