Фредерисия
Фредерисия (дат. Fredericia [fʀɛðəˈʀedɕa]) — Даниядағы қала және порт, Кіші Бельт бұғазының батыс жағалауындағы Фредерисия коммунасында орналасқан. Фюн аралымен көпір байланыстырады. Халқы — 44,9 мың адам (1973); 28.198 (1985); 37.074 (2006).
Ютландия түбегін қорғау үшін арналған бекініс ретінде 1650 жылы Фредерик III-і негізін қалаған. Қала айырықша құқықтарға ие болды, соның ішінде дін тұту еркіншілігі және салықтардан босату.
Фредерисия темір жол торабы болып табылады. Қалада асханалық күмістен бұйымдар, тоңазытылған балық, тоқыма, темекі, минералды тыңайтқыштар шығарылады, сонымен қатар машина және кеме жасау өнеркәсібі жақсы дамыған. 1960-шы жылдарыдағы мұнай өңдеу кәсіпорындарының негізделуі, қаланың индустриалды базасына даму серпілісін берді. Қалада жыл сайынғы өнеркәсіптік көрмелер өткізіледі.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — Дания географиясы бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |