Филедендрон
Филедендрон | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
|
Филедендрон (РHILODENDRON ФИЛЕДЕНДРОН) – ароидтар туысына жататын, 350 табиғи түрі бар, тропикалық өсімдік. Әдемі жапырақты, шырмалып өсетіндіктен оны түбектерге егіп, сабағына тіреу қойып өсіреді. Үй жағдайында филедендронның жасыл, сары және сары ала жапырақты үш түрі жиі кездеседі. Өсімі тез, жүрек тәрізді жапырақтары әдемі болғандықтан оны өсірушілер қатары көп. Күтімі жақсы болса сабағының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді.
Жарығы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Филедендронның ала жапырақтылары жарықты қажет етеді, жарық жетіспесе ала тү��тері жоғалады. Жасыл жапырақтылары көлеңкеге шыдамды.
Жылуы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бөлме температурасы қыста 15-200С төмен болмауы керек.
Суғарылуы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Топырағының ылғалды болғаны дұрыс. Көп суғарғаннан төменгі жапырақтары сарғайып кетеді.
Ылғалдылығы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Күніне бір рет жапырақтарына су бүркіп тұрады. Ылғалдылық жетіспесе, жапырақтарының көлемі кішірейіп кетеді.
Қоректендірілуі:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Айына бір рет әдемі жапырақты өсімдікке арналған тыңайтқышпен қоректендірген дұрыс. Көктем кезінде топырағының беткі қабатын алып тастап, жаңа құнарлы топырақты шіріген көңмен араластырып салады.
Көбейтілуі:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сабағын қиып, қалемшелеу арқылы көбейтеді. Көбейтілуі өте оңай. Ол сабақтарындағы ауа тамырлары арқылы топырақта тез тамырланып кетеді.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727