Мазмұнға өту

Фердинанд фон Рихтгофен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Фердинанд фон Рихтгофен

Рихтгофен, Рихтхофен (Rіcthofen) Фердинанд Пауль Вильгельм (5.5.1833, Польша, Ополь воеводствосы, Карлсруэ (қазіргі Покуй) — 6.10.1905, Берлин) — Шығыс, Оңтүстік Шығыс Азия мен Қытай жерін зерттеген неміс географы, геолог; Пруссия Ғылым Академиясының мүшесі (1899). Берлин географиялық қоғамының президенті (1873 жылдан).

Бонн (1875 — 79), Лейпциг (1883 — 86), Берлин (1886) университеттерінің проф. 1860 — 62 жылдары Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азияға, 1868 — 72 жылдары Қытай жеріне саяхат жасап, оның табиғаты туралы көлемді материалдар жинады; Қытай жеріндегі лëсс қабатының эолдық (желдің әрекетінен) түзілуі туралы болжамның авторы. Азияның ірі табиғи облыстарындағы жер бедерінің пішіндерін генетик. тұрғыдан жіктеп, геоморфология ғылымының негізін қалады.Рихтгофен атымен Наньшаньдағы тау жотасы аталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Ferdinand von Richthofen