Фавн лабиринті
Фавн лабиринті | |
ағылш. Pan's Labyrinth ис. El laberinto del fauno | |
Жанры | |
---|---|
Режиссёрі | |
Продюсері |
Гильермо дель Торо |
Сценарийдің авторы |
Гильермо дель Торо |
Басты рөлдерде |
Серги Лопес |
Дистрибьютор | |
Ұзақтығы |
119 мин[1] |
Бюджеті |
$19 000 000[2] |
Кассалық түсімі |
$83 152 736 |
Мемлекет | |
Тілі | |
Шыққан жылы | |
http://www.panslabyrinth.com |
«Фавн лабиринті» (ағылш. Pan's Labyrinth, ис. El laberinto del fauno) — 2006 жылы испан-мексикалық қараңғы фантастикалық фильм.
Сюжеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Фильмде 1944 жыл суреттеледі. Испанияда азаматтық соғыс жүріп жатыр, партизан жасақтары фашистерге қарсы ормандарда күресуде. Бас кейіпкер, Офелия атты 10 жасар қыз аяғы ауыр анасымен бірге өгей әкесі капитан Видальдың әскери лагеріне келеді. Қатал да қатігез, менмен Видаль Офелияны ә дегеннен жақтырмайды. Әскери орта, Видальдың тәкаппарлығы, анасының төменшіктеп, шетқақпайлай беруі кішкентай қыздың көңілін жаралайды.
Осы кезде ол лагерьдың маңындағы ескі лабиринт үйінділерін кездестіреді.
Бірде түн ортасында Офелия өзін оятқан кішкентай қанатты адамның соңынан еріп лабиринтке келіп кіреді. Қанатты адам оны лабиринттың иесі Фавнға әкеліп жолықтырады.
Фавн Офелияның сиқырлы патшалықтың ханшасы екенін, көп жыл бұрын жоғалып кеткенін айтады және патшалыққа қайта оралуға ұсыныс жасайды. Тек ол үшін алдымен жаңа ай тумай тұрып үш сынақтан өту керектігін жеткізеді. Офелия келіседі…
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ EL LABERINTO DEL FAUNO – PAN'S LABYRINTH (15). British Board of Film Classification (6 July 2006). Тексерілді, 13 сәуір 2013.
- ↑ Pan's Labyrinth (2006) - Box Office Mojo. boxofficemojo.com. Тексерілді, 6 сәуір 2018.
- ↑ EL LABERINTO DEL FAUNO – PAN'S LABYRINTH (15). British Board of Film Classification (6 July 2006). Тексерілді, 13 сәуір 2013.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Фавн лабиринті (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
- Фавн лабиринті (ағыл.) Rotten Tomatoes сайтында