Мазмұнға өту

ФОБ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Фоб (ағылш. FOB — free on board — бортта азат, франко-борт) — халықаралық саудада тауарды жеткізу мен ақысын төлеу, оның бағасында тасымалдауға, жүк тиеу-түсіруге жұмсалған шығынды есептеу тәртібін айқындайтын жағдай; тиелген және жөнелтуге дайын тауардың бағасы; яғни оның бағасына көлік шығыны мен тауарды кеме бортына жеткізу шығыны енгізіледі.

Фоб шарттарында сатылатын жүктің кеме бортына жеткізілген сәтке дейінгі жай-күйі, оның зақымдануы мен ысырабы үшін сатушының жауапкершілігі көзделеді, мұның өзі сатушы екінші тараптан алатын құжатта — таза коносаментте көрсетіледі. Ал сатып алушының міндеттемесінде кемені жалдау, онда жүкке қажетті орынды қамтамасыз ету, сатушыға кеме келетін мерзім мен порт туралы уақтылы хабарлау, сатушы ұсынатын шоттар мен коносаменттің орнына уағдаласылған нысанда төлем төлеу қамтылады. Сатып алушы тауар бортқа тауар жеткізілгеннен кейін тауардың кездейсоқ опат болуы мен бүлінуі қатерін көтереді, жүктің сақталуы мен тасылуын қамтамасыз етіп, тиісті шығынды өтейді. Тауар көлігімен жеткізілгенде Фоб франко-вагон шартына сай келеді.[1][2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
  2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
  3. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9