Ушак
Ушак (қала) – Түркиядағы қала, Ушак илінің әкімшілік орталығы[1].
Халық саны 176 717 (2009 жылғы жүргізілген халық санағы нәтижесі). Қала мэрі – Әли Ердоган (Ұлт қозғалысы партиясы). У��ак қаласы Түркияның батысында, Эгей өңірінде орналасқан. Солтүстігінде Кютахья, шығысында Афьон, оңтүстігінде Денизли, батысында Маниса қалаларымен қоршалған. Ушак таулы өңірде орналасқан. Қаланың батыс жағында Эгей теңізіне дейін созылған Гедиз атты жазықтық бар. Қаланы қоршап жатқан таулардың биіктігі 1500-2000 м-ге дейін жетеді. Қаланың өзі теңіз деңгейінен 907 м биіктікте орналасқан. Ушак маңында ежелгі грек қаласы Флавиополистің қираған үйінділері бар.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]![]() | Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|