Т-72
Т-72 «Орал» — КСРОның негізгі танкісі 1967 жылдан 1973 жылға дейін жобаланып, 1973 жылдан бастап 2005 жылға дейін «Уралвагонзавод» зауытында жасалды. Танк ТМД елдерінің қарулы күштерінде қолданылады және Финляндияға, Үндістанға, Иранға, Иракқа, Сирияға экспортталды. Жалпы 30,000 Т-72 жасалды.
Т-72 танкілерінің бірнеше ондаған нұсқалары бар. Қазіргі таңда Т-72 танкілерінің әулетінің негізінде, Т-90А "Владимир" танкілері жобаланған.
Т-72 танкілерінің дамуы 1967 жылдан басталды. Әуел баста Т-72 танкілеріне, Т-64А танкілеріне орнатылған В-45 қозғалтқыштары орнатылды. 1969 жылдың қарашасында бұл жауынгерлік машиналарға қуаты 573 кВт (780 а.к.) в-46 қозғалтқыштары мен жаңа конструкцияның жүріс бөлігі орнатыла бастады. Көрсетілген өзгерістермен дайындалған үлгіге "Объект 172М" индексі берілді. Танк экипажы үш адамнан тұрады: механик-жүргізуші, зеңбірекші және командир, ол сонымен қатар оқтау машинасында оқ-дәрілерді жұмсағаннан кейін зарядтаушы ретінде қызмет етеді. Атылғаннан кейін ауаны жауынгерлік бөлімдегі газдардан тазарту және мұнарадағы люк арқылы гильзалардан паллеттерді шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
Т-72 40 жылдан астам уақыт қызмет етеді. Бұл танкті әлемнің ондаған елдері пайдаланады. Т-72Б — Т-72Б3 танкінің терең модернизацияланған нұсқалары, әсіресе Т-72Б3М — қазіргі заманғы соғыс талаптарына сәйкес келеді
Т-72 танкілерінің нұсқалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Т-72А
-
Т-72Б
-
Т-72БМ2
-
Т-72М
-
Т-72М2
-
Т-72S
Сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Массасы: 41 тонна;
- Ұзындығы: 6670 мм, зеңбірегімен бірге 9530 м;
- Ені: 3460 мм;
- Биіктігі: 2190 мм;
- Қаруы: тегіс ұңғылы 125-мм 2А46 зеңбірегі және 12,7-мм НСВТ, 7,62-мм ПКТ пулеметтері;
- Сауыты: аралас болат құймасынан жасалған;
- Максималды жылдамдығы: 60 км/сағ;
- Орташа жылдамдығы: тас жолда 45-50 км/сағ, ойлы-қырлы жерде 35-45 км/сағ;
- Жүріс қоры: тас жолда 700 км, қара жерде 460-650 км.[1]
Экипажы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Танкінің экипажы 3 адамнан тұрады: командир, механик-жүргізуші және нысанашы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ http://army.lv/ru/t-72/harakteristiki/631/17 Мұрағатталған 26 қаңтардың 2018 жылы.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |