Тәубе
Көрініс
Тәубе – кешірім сұрау, қатесін түзетіп, қайталамау. Тәубе адамның үлкенді-кішілі қандай да бір күнәсі болса да адам өз күнәсін түсініп, зор өкінішпен кешірім сұраса және сол қателігін қайталамаса Құдайдың кешірмейтін күнә-қылмысы жоқ деген, Алланың фазылына, рахымдылығына сенімнен туындайды. Сондықтан Алланың рахым-шапағатына шын сенімнен туындаған тәубе адам өмірінде маңызды орын алатын, оның рухани-адамгершілік мұраттарын айқындайтын бетбұрыс кезеңі. Тәубе адамның рухани-интеллектуалдық кемелденуі мен ахлақтық, адамгершілік тұлғасының қалыптасуындағы басты кезеңі. Құран Кәрімнің тоғызыншы сүресінің атауы “Тәубе”, сүре аяттары осы тәубе жайында баяндайды. [1]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Бұл мақаланың сәйкес санаты қойылмаған. |