Тәкбір

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Тәкбір.

Тәкбір (تَكْبِير) - Аллаһ Тағаланы ұлықтау дұғасы. Тәкбір Аллаһу әкбар (الله أكبر араб - Аллаһ ұлық) сөз тіркесімен айтылып, мұсылманның ғибадатқа, құлшылыққа, белгілі бір іс-әрекетке кірісер алдындағы ауызға алатын сөзі. Аллаһу акбар - Аллаһтың ұлықтығын сипаттайтын көркем есімдерінің бірі. Мәселен, бұл дұғаны азан шақырғанда, қамат түсіргенде бірнеше қайталан, намазга ниет қылған соң да айтып, намазды бастайды, әрбір рүкүғ, сәждеге барар алдында да қайталан айтады. Тәкбірдің Тәкбір-ташрих - «Аллаһу әкбар, Аллаһу акбар' Лә илаһа илла Аллаһ, Аллаһу әкбар уә иллаһа ил Аллаһ» (Аллаһ ұлық, Аллаһ ұлық' Аллаһтан басқа Құдай жоқ, Аллаһ ұлық мадақтауға Ол ғана лайық) атты түрін айт намазында, Құрбан айт мерекесінде өте көп қайталан айтады. Бұл мадақта мұсылман адам жаратылыс ғажайыбына ерекше таңғаларлық жағдайларда да Құдайдың шеберлігі мен құдіретте таңырқан айтуы мүмкін. Қандай жағдайда болсын Кұдайды мадақтау, оны еске алу зор сауапты іс болып саналады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1