Тұтқын алу
Көне ойындардың бірі — «Тұтқын алу». Ойынға қатынасушылар тен, екі топқа бөлінеді. Екі жақтан бір-бір ойыншы ортаға шығады да теріс қарап тұрып, қолдарын айқастырып көпір жасайды. Бірінші топтың ойыншылары тізбекке тұрып бір-бірлеп: «Алал-ай, бұлал-ай, солал-ай»,— деп әндетіп көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншыларын көпірдің түбіне кездестіріп, әрқайсысына көпірден өте бергенде бір-бір тастан немесе бас киімнен ұстатады да, тастың белгіленген атын айтуды өтінеді. Ондағы тастың аты жаңагы өздері айтып келе жатқан әуені: «алал-ай, бұлал-ай, солал-айдың» біреуі. Егер тастың атын айтса, онда көпірден өтіп келе береді, ал таба алмаса, ойын жүргізуші оның көзін байлап, қолға түскен тұтқын ретінде қарсыластар тобына жібереді. Осылай бірінші топ көпірдің астынан өтіп болғаннан кейін, қолға түскен тұтқындар топ арасында өнер көрсетеді. Ойын қайталанған кезде көпірдің астынан екінші топ өтеді де, тұтқындарды бірінші топ ұстайды.[1]
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|